«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ — қысқы спорт ойындары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бағлан ҚОЖАҚОВ,

журналист.

Өткен аптада Антоновка ауылында Айыртау аудандық “Солтүстік – 2013” қысқы спорт ойындары болып өтті.

Күн ұзаққа созылған сайыста спортшылар пневматикалық қарумен нысана көздеу, шаңғы жарысы, шорттрек, шайбалы хоккей, қысқы президенттік көпсайыс түрлері бойынша жарысқа түсті. Оған барлық ауылдық округтерден ерлер және қыздар командалары қатысты.

 

Жарыстың ашылу салтанаты үстінде “Уголки” ЖШС директоры Леонид Мах Антоновка орта мектебінің ұжымына жас жеткіншектердің қысқы спорт түрлерімен шұғылдануы үшін 5 жұп коньки мен 5 жұп шаңғыны сыйға тартты. Сонымен қатар ол жүлделі орындарға түрлі түсті теледидар, шаңсорғыш және байланыс телефондарын бәйгеге тікті.

Осыдан кейін қысқы спорттық жарыстар да басталып кетті. Алғаш болып шайбалы хоккейден алаң иелері мен Володар ауылдық округінің хоккейшілері кездесті. Ойында қонақтардың бағы жанып, алаң иелерін тізе бүктірді.

Дүбірлі додада жалпыкомандалық бірінші орынды 71 ұпай санымен Украин ауылдық округі қанжығаларына байласа, екінші орынға 67 ұпай жинаған володарлықтар ие болды. 50 ұпай жинаған алаң иелері үшінші орыннан көрінді.

Қысқы спорт ойындарының жеңімпаздарын аудан әкімі Амантай Сейфуллин марапаттап, арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp