«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙЫРТАУДА ӘЗІЛҚОЙЛАР АЗ ЕМЕС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әйгерім ОМАРОВА,

журналист.

Өңірімізде өткен жылдың аяғында бастау алған маусымашар үстіміздегі жылдың 22 қаңтарында жалғасын тапты. Айыртау ауданының орталығындағы Ақан сері атындағы Мәдениет үйінде “Қазақстан КВН одағы”, “Петропавл КВН” филиалы және “Қызылжар жастары” жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және аудандық білім бөлімінің қолдауымен көңілділер мен тапқырлар клубының аудандық лига ойындарының ширек финалы болып өтті. Ойынға аудан бойынша жалпы білім беретін мектептерден 8 команда қатысып, көрермендерді күлкіге бір қарық қылды.

 

Кеш бойы жергілікті тұрғындарға көтеріңкі көңіл сыйлағандардың ішінде Саумалкөл қазақ орта мектебінің “Айыртау арландары”, Кирилловка орта мектебінің “Өнер қырандары”, Сырымбет орта мектебінің “Оппа Сырым смайл”, Бірлестік орта мектебінің “Бірлестік өрендері”, Айыртау орта мектебінің “Жастар”, Мәдениет орта мектебінің “Қарасай қырандары”, Лобаново орта мектебінің “Жас қыран” құрама командалары болды.

Өнерлі жастар жарасымды қалжыңдады. Әсіресе, жұртшылық командалардың қоғамдық және саяси өмірдегі түйткілді мәселелерді, оның ішінде мемлекеттік тілді дамыту, экономиканы көтеру, отансүйгіштік және саламатты өмір салтын ұстану қажеттігі жайындағы ойларын ұшқыр да тапқыр қалжыңдармен жеткізе білгендеріне тамсана қол соқты. Көңілділер мен тапқырлар клубының ойыншылары сонымен қатар күнделікті өмірдегі жағдай, әлемде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды да күлкіге айналдыра айтуды назардан қалдырған жоқ.

Көңілді де тартысты өткен тамаша ойынның қорытындысы бойынша “Ойнап айтам”, “Қарасай қырандары”, “Оппа Сырым смайл”, “Айыртау арландары”, “Жігіттер”, “Жарқын болашақ”, “Бірлестік өрендері”, “Жас қыран” командаларының барлығы жартылай финалға жолдама алды.

Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp