«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АСЫЛ АЗАМАТТЫ АЗА ТҰТТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алматыдағы ұшақ апатында қаза тапқан жерлесіміз Қайсар Малғаждаровты соңғы сапарға аттандыруға орай “Қызылжар” орталық мешітінде қаралы митинг болып өтті.

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Абзал азаматты ақтық сапарға шығарып салуға келгендердің бәрінің де қабырғасы қайысты бұл күні. Қайсар Мағжанұлы – жүрген жерінде сыйлы, елінің нағыз патриоты бола білген жан, десті жұртшылық. Митингте сөз алған облыс әкімі Самат Ескендіров марқұмның туған-туыстарына, барша жиналған жамағатқа қайғырып, көңіл айтты. Ардақты азамат тек туған-туысқандарына емес, өзімен бірге қызметтес болған әріптестерінің, жора-жолдастарының алды бола білген жан. Республика бойынша ең үздік кеденші атанып, “Құрмет” орденіне ие болған. Облыстық кедендік бақылау жөніндегі департаменттің бастығы Әлібек Қартов Қайсар Малғаждаровтың адамдармен қарым-қатынаста адал болғанын, мақсаткерлігін, кәсібилігін атап өтті. Марқұм өмір жолын ұстаздықтан бастап, 1995 жылдан бері үзбей кеден саласында қызмет атқарған. Аққайың ауданындағы Дайындық ауылының тумасы.

Жаназадан соң митингке жиналғандар марқұмды жерлеуге аттанды.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp