«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АШЫҚ ЕСІК КҮНІ” ӨТТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласының №2 сотында “Ашық есік күні” өтті. Осыған орай сот төрайымы Нүрия Малдыбаева журналистермен кездесті.

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

 

Оның айтуынша, былтыр сотта 7708 іс қарастырылған. Сот шешімдері бойынша 1 млрд. 70 миллион теңге қаржы өндіріліп алынуы тиіс. 2012 жылы қаралған істер бойынша жергілікті бюджетке 57 миллион теңге көлемінде мемлекеттік баж салығы түскен. Сот судьялары Елбасы тапсырған міндеттерді орындауға атсалысып отыр. Мәселен, олар сот жүйесіндегі әуресарсаңға салуды жоюға күш жұмылдырған. Сонымен қатар аталмыш сотта соңғы үлгідегі инновациялық технологиялар бойынша жұмыс жүргізілуде. Мәселен, сот отырыстарының өтетін күні мен уақыты sms арқылы хабарланады. Бұл жерде де үйден шықпай-ақ ғаламтор арқылы сотқа өтініш беруге болады.

Соттың бірінші қабатында орналасқан электрондық табло арқылы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-сараптама жүйесіне кіріп, істің қозғалу барысы, отырыс уақыты, мемлекеттік баж салығының сомасы туралы ақпаратты ала аласыз. Бұдан сот актілерінің көшірмесін де сұрап алуға мүмкіндік бар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp