«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ – 2020” БОЙЫНША былтыр 6 жоба мақұлданды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен жылы облыста “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасының бірінші бағыты аясында жаңа іске кіріскен кәсіпкерлерді гранттық қаржыландыру жөнінде 14 өтініш қаралып, 6 жоба мақұлданды.

Тоқтар ЗІКІРИН,

“Солтүстік Қазақстан”.

“Ғабдуллина Б.Қ.” ЖК жобасы бойынша Шал ақын ауданында шағын 3Д кинотеатрын ұйымдастыру жоспарлануда. Кәсіпкер осы ауданда аталмыш қызмет түрін көрсететін бірден-бір мәдениет ошағын ашқалы отыр.

 

Жобасы мақұлданған “Сапро-НАТ” ЖШС-і кәсіпорны дәстүрлі қатты отынды қазандықтармен салыстырғанда зиянды заттар қалдықтарын неғұрлым аз шығаратын және пайдалы әсер коэффициенті жоғарыпиролиздік қазандықтар өндіруді жолға қоюды көздейді.

“Фомина В.В.” ЖК кәсіпорны жобасы бойынша тұнбаны өндіру технологиясын игеру және оны тыңайтқыш ретінде пайдалану қарастырылады.

Кәсіпкер “Сейтуаров А.К.” ЖК Уәлиханов ауданында гипернығарлау әдісімен тротуарлық өрнектас өндіретін цех ұйымдастыруды жоспарлауда. Жобаның инновациялық жаңалығы сол – өндірісте гипернығарлау жолымен құрғақ қалыптау деп аталатын әдіс пайдаланылады, өйткені бұрынғы әдіс көп уақыт алады. Аталмыш әдіс өнімнің сапалық сипатын арттырады, ал бұл – мықтылық пен аязға шыдамдылық деген сөз.

“Созидание” білім беру, әлеуметтік-мәдени орталығы” ЖОҰ жобасы бойынша балалар шағын орталығында балаларға ерекше қажетті білікті қызмет көрсету қарастырылуда. Жоба аясында түзетіп оқыту үшін білім беру блогын сатып алу жоспарланып отыр.

Гранттық қаржыландыру бойынша мақұлданған соңғы жоба Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның ағаштан ұлттық бұйымдар дайындау жөніндегі “Қасымов Қ.С.” ЖК болып табылады. Кәсіпкер ағаштан музыкалық аспаптар, балалар бесігін, орындықтар, әткеншектер, астаулар, оюлы есіктер және әртүрлі ұлттық кәдесыйлар шығарады. Ол – ауданда ағаштан ұлттық бұйымдар шығаратын жалғыз өндіруші.

Жоғарыда аталған осы жобалар 2013 жылы жүзеге асырылады. Олардың барлығы жаңашылдығымен және ой ұшқырлығымен ерекшеленеді. Гранттық қаржыландыруға ие болып отырған бұлар өңірдің әлеуметтік маңызды жобалары саналады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp