«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИШІЛЕРІМІЗГЕ РЕСЕЙЛІКТЕР ТАҢДАЙ ҚАҚТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Пульс” би ансамблі Сочи қаласында өткен IX “WORKSHOP” балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының халықаралық фестивалінің лауреаты атанды. Бұл хабар тек қана қызылжарлықтарды емес, бүкіл елді дүр сілкіндірді. Себебі, ансамбльдің мүшелері саңырау балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері болатын.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

– Айнұр Сайынова, Катя Воропаева, Настя Гусельникова, Әсемгүл Есенғазина, Зарина Нәкенова және Кристина Ковалевская – бұлар өнерлері арқылы өзге қатысушылардан еш айырмашылығы жоқ екендігін байқауда дәлелдеген батыл қыздардың есімдері. Қазылар алқасы мен көрермендер соңына дейін Қазақстаннан келген биші қыздардың басқа қатысушылардан қандай да бір ерекшеліктері барын тіпті сезбеген. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанғандарында ғана таңғалғандарын жасырмады, – дейді ансамбльдің жетекшісі Марина Сухарева.

Жеңіспен елге оралған қыздарды қаланың әкімі Болат Жұмабеков қабылдап, ансамбль мүшелеріне 100 мың теңгені құрайтын сертификатты табыстады.

Сурет М.Сухареваның жеке мұрағатынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp