«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАБЫРҚАТҚАН “ОТШАШУ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2012 жылғы 31 желтоқсаннан 2013 жылғы 3 қаңтарға дейін облыста 8 өрт оқиғасы тіркелді. Абырой болғанда, кісі өлімі тіркелген жоқ.

31 желтоқсан күні кешке қарай Қызылжар ауданындағы Асаново ауылында жеке тұрғын үйдің қора-қопсысы толығымен өртеніп кетті.

Жаңа жылдың алғашқы күні Тимирязев ауданының Дружба ауылындағы “Новый Север” ЖШС-нің 5 тонна шөбін тілсіз жау жалмады. Өрт қасақана от қоюдан шыққан деп болжанып отыр.

 

Осы күні таңертең Тимирязев ауданының орталығындағы жеке моншаның шатыры толығымен отқа оранды. Оған жылыту пешінің ақауы себеп болған сияқты.

1 қаңтар күні түн ортасында облыс орталығының Интернационал-Тоқсан би көшелерінің қиылысында автомобиль апатқа ұшырады. “Опель-Вектра” автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі “Биғайша” сауда үйі маңындағы жол жиегіндегі қоршауға соғылған. Апат салдарынан көлік қорабы бүлініп, жүргізуші оның ішінен өздігінен шыға алмай қалды. Кептеліп қалған ер адамды қораптан Петропавл қаласындағы №2 арнайы өртке қарсы қызмет бөлімінің құтқарушылары алып шықты. Апаттан құтқару жұмысы сәтті аяқталды, ал зардап шеккен жүргізуші “қабырғасы сынған” деген диагнозбен қалалық ауруханаға жеткізілді.

Осы күні Алматы көшесіндегі жеке монша, Париж коммунасы көшесіндегі екі пәтерлі тұрғын үйдің бір бөлігінің шатыры оттан зардап шекті. Өртсөндірушілер екі газ баллонын қауіпсіз жерге көшіріп, №2 пәтерді оттан аман алып қалды.

2 қаңтар күні Хименко көшесінің №6 үйінде тұратын петропавлдық ауласындағы “Ауди-100” автокөлігін от алдырмақ болған. Электр сымдарының қысқа тұйықталуынан қайырма қақпақтың астынан түтін шығып, көліктің моторы, өлшеу аспаптары орнатылған бөлік бүлінді.

3 қаңтар күні түн ортасында Мамлютка қаласында жеке үйдің қосалқы құрылыстары отқа оранып, көмір мен отын қорасына, ішіндегі 5 тонна көмір мен 5 текше метр отынға залал келді. ТЖ-ға дейін 64 жастағы зейнеткер әйел қора іргесіне сөніп үлгермеген күл төккен болып шықты.

Облыс орталығының Партизан көшесіндегі тұрғын үйдің шатыры мен қора-қопсысының отқа орануына да осындай жағдай себеп болған.

Соңғы үш жылда Қазақстан Республикасында 31 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін 553 өрт оқиғасы болып, 42 адамның қайғылы қазаға ұшырағанын еске саламыз.

Өткен жылы осы кезеңде облыста 10 өрт оқиғасы тіркеліп, 2 адам от құрбаны болды, 2 адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp