«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СКРИПКА САЗЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында дүйсенбі күні классикалық музыка кеші өтті.

Бұл жолы концерттің солисі Испаниядан келген қандас бауырымыз, скрипкашы Ержан Құлыбаев болды. Ол қызылжарлықтарға белгілі композиторлар Антонио Вивальди мен Астор Пьяццолланың “Жыл мезгілдері” деген туындыларын орындады. Қыс, көктем, жаз және күз әндерінен тұратын туындыны қызылжарлықтар Сергей Имашбаев дирижерлік еткен эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен тыңдай алды.

Концерт жоғары деңгейде өтті. Оны көрермендердің ықыласынан-ақ аңғардық. Скрипканы жетік меңгерген солистің ойнау мәнері тыңдармандарды тәнті етті. Өңірлік эстрадалық-симфониялық оркестрдің әлемдік деңгейдегі әртістермен жұмыс істеудегі шеберлігін айта кеткен жөн.

Концерт соңында скрипкашыға облыс әкімі Самат Ескендіровтің атынан ықылас гүлі тапсырылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp