«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ТИІМДІ, құрылыс қарқыны ойдағыдай

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұрнағы күні облыс әкімі Самат Ескендіров облыс орталығындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, тұрақтандыру қорының сауда нүктелеріндегі азық-түліктің бағасын байқады.

Жеңіс ЕРМҰҚАНОВ,

журналист.

Облыс орталығы ішіндегі жұмыс сапарын алдымен коммуналдық базардан бастаған өңір жетекшісі мұндағы азық түліктің бағасын көрді. Аталмыш базарда тұрақтандыру қорының екі сауда нүктесі ашылыпты. Ондағы жұмыртқа мен көкөніс базардағыдан әлдеқайда төмен бағамен саудаланады.

 

Бұдан кейін Самат Ескендіров М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-ді аралап, оның материалдық-техникалық базасымен танысты.

 

Жоғары оқу орнының №9 оқу корпусында ертеректе “Ивушка” балабақшасы орналасқан көрінеді. Ал қазір мұнда саз-педагогика факультетінің 400 студенті білім алуда. Жоғары оқу орнының басшылығы болашақта ашылуы тиіс шағын орталықтың орнын көрсетті. Мыңдаған студент білім алып жүрген университеттің асханасындағы жағдай да өңір жетекшісінің назарынан тыс қалмады.

Осы жұмыс сапарында облыс әкімі Самат Ескендіров Петропавл қаласында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының басына барды. Набережная көшесінің бойында жоспар бойынша бірнеше 3 қабатты тұрғын үй бой көтереді. Сондай-ақ бұл жерден жеке үй саламын дегендерге де жер берілмек. Облыс әкімі бұл құрылыс бойынша атқарылатын жұмыстың жоспарымен танысқаннан кейін Юбилейная 9 “в” мекенжайында салынып жатқан көпқабатты үйде де болды. Ал Жамбыл көшесіндегі 234-үйдің тұрғындары “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту” бағдарламасының көмегіне жүгініпті. Ескі үйдің әбден тозған шатыры ақпан айының соңына дейін жаңартылатын болады.

Сондай-ақ облыс әкімі өндірістік аймақтағы сыйымдылығы 120 мың тонна болатын элеваторға ат басын бұрды. Жоба құны – 7 миллиард теңге. Элеваторды салуға 80 адам тартылыпты. “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында сыртқы инженерлік желілер өткізіліп, темір жол тартылмақ. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Облыс әкімі “Береке” ықшамауданында салынып жатқан жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Өткен жылы мемлекеттік тапсырыспен 2 жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйдің іргесі қаланған еді. Қазіргі таңда олардың жанынан тағы осынша әлеуметтік баспана бой көтеруде. Президенттің Зияткерлік мектебі де осы жерде салынуда.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp