Петропавлда бір күнде екі бірдей жол-көлік апаты тіркеліп, соның салдарынан үш адам мерт болды.
Бірінші оқиға Ойқалада орын алған. Күндізгі сағат 11 шамасында Потанин көшесі бойындағы 136-шы үйдің маңында “BMW” маркалы автокөлік пен №6 бағыттағы жолаушылар автобусы соқтығысып қалған. Жеңіл көлік қарсы бағытқа шығып кетіп, оның жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты. Автобуста келе жатқан 73 жастағы қария дене жарақаттарын алды.
Екінші оқиға Уәлиханов-Гашек көшелерінің қиылысында тіркелді. Такси жүргізушісі “Volkswagen” автокөлігімен солға бұрыла бергенде қарсы бағытта келе жатқан көлікке соғылған. “Tоyota” автокөлігі қатты соққыдан тротуарда тұрған жаяу жүргіншіні қағып кетіп, 1947 жылы туған зейнеткер сол жерде мерт болды.
Жыл басынан бері облыста 18 жол-көлік оқиғасы орын алған. 5 адам қаза тауып, 31-і жарақаттанған.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.