«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИАТЛОНШЫЛАР БОРКИДЕ КЕЗДЕСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қаңтар айының соңғы күндерінде Борки кентінің қарлы даласы мылтық асынған шаңғышылардың додасы өткен жерге айналды.

Мұнда “Солтүстік” қысқы спорт мерекесінің аясында өңіріміздің ауыл биатлоншылары жүйріктік пен мергендік сайысына түсті.

Жарысқа облыстың Тимирязев ауданынан басқа өңірлерінің спортшылары қатысты.

Командалық есепте жүлделі орындарды мына құрамалар иеленді:

Бірінші орын – Аққайың ауданы;

Екінші орын – Мамлют ауданы;

Үшінші орын – Қызылжар ауданы.

Солтүстік” мерекесінің бағдарламасында жеті спорт түрі қамтылған. Алдағы уақытта қысқы президенттік көпсайыстан, шайбалы және допты хоккейден жарыстар өткізіледі.

Спартакиаданың финалдық ойындары Мамлютка қаласында тамамдалады.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp