«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ жоғары бағаланды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Саида Сағдат селекторлық кеңес өткізді. Онда 2012 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша СҚО сот актілерін орындау жөніндегі департаментінің алдыңғы орындардың біріне ие болғандығы атап көрсетілді.

Бұдан соң аталмыш департаментте өткен кеңесте жыл қорытындысы жария етілді. 2012 жылы департамент қарауына жалпы сомасы 50 млрд. теңгенің үстінде 60 мыңнан астам атқару құжаты келіп түскен. Аталған мерзімде солардың 45 мыңы аяқталған. Сот орындаушылары жұмысының көрсеткіші борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапқа тарту болып табылады. Өткен 12 айда сотқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы 255 материал жолданған. Нәтижесінде 150 адамға айыппұл салынды. 21 адам әкімшілік тұтқынға алынды. Борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша тергеу органдарына 143 материал жіберіліп, үш адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Департаментке жеке және заңды тұлғалар атынан 200-ден артық шағым түскен, солардың ішінде 40-ы – сот актілерін орындау жөніндегі комитеттен. Сот орындаушыларының жүктемесі артқан. Мәселен, алдыңғы жылы олардың әрбіріне айына 80 атқару құжатынан келсе, былтыр олардың саны 10 құжатқа көбейген.

 

Сот актілерін орындау жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp