«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТРАНСФОРМАТОРЛЫҚ ҚОСЫМША СТАНЦИЯЛАР ТОНАЛУДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Соңғы уақытта “Солтүстік Қазақстан таратушы электр желілері компаниясы” АҚ қызмет көрсететін электр қондырғыларынан құрал-жабдықтарды ұрлау оқиғалары жиілеп барады.

Қуат жеткізуші ұйымның қосымша электр станцияларына қаскүнемдердің заңсыз еніп, үнемі тонап жүргені туралы ақпарат жергілікті газет беттерінде және телеарналар жаңалықтарында талай рет көрініс тапты. Алайда, нақтылы жағдай аян етіп отырғанындай, біраз уақыттан кейін ұрлық қайта үдеп кетті.

Қылмыскерлер электр құрал-жабдықтарын ұрлай отырып, бұл істерімен жалғыз электршілерге ғана емес, тұтынушылардың өздеріне де айтарлықтай зиян келтіруде, өйткені ұрлық жұмыс істеп тұрған қондырғыларда жасалады, ал оларды жөндеу ұзақ уақыт алатындықтан, желідегі қала тұрғындары электр қуатынсыз қалады.

Энергетиктерді бәрінен бұрын қатты алаңдатып отырған жай – мұндай қаскөйліктен облыс орталығының тұрғындарымен бірге, ауруханалар, балабақшалар, мектептер мен колледждер сияқты әлеуметтік нысандар да жапа шегуде. Өкінішке қарай, тоналған құрал-жабдықтар қалпына келтірілгенше, тұтынушылар электр қуатынсыз отыруға мәжбүр.

Ұрлық жасау оқиғаларын болдырмау үшін “Солтүстік Қазақстан таратушы электр желілері компаниясы” АҚ тұтынушылардың қала аулаларында қойылған трансформаторлық қосымша станцияларға ерекше көңіл аударып отыруларына кеңес береді. Оған біреулердің кіргені немесе трансформаторлық қосымша станция есіктерінің ашық қалғаны туралы ақпаратты 1-54, 31-42-71, 41-36-04 телефондарына хабарлауға болады. Оны қабылдап алған диспетчерлерге қандай нысандарда жұмыс жүргізіліп жатқаны белгілі, сондықтан станцияларға біреулердің рұқсатсыз енгені белгілі болған жағдайда олар сол жерге жылдам жететін көшпелі бригада жібереді.

“СевКазЭнерго” АҚ-ның

жұртшылықпен байланыс бөлімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp