«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЛАЛЫҚТАРДЫҢ 40-тан АСА САУАЛЫНА нақтылы жауап қайтарылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қошан ҚАЛИ,

“Солтүстік Қазақстан”

Қала әкімі Болат Жұмабеков өзінің тұрғындармен үстіміздегі жылғы алғашқы есепті кездесуін Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің ғимаратында өткізді. Аталған оқу орнының мәжіліс залына қаланың Борки, Новопавловка, Солнечный, Кирпичный кенттері, Юбилейный, Жуков және Ғ. Мүсірепов көшелерінің шекараларындағы шағын аудандардың тұрғындары көптеп жиналды.

Облыс орталығының басшысы Болат Серікұлы алдыңғы кезекте кездесуге келгендерге 2012 жылдың қорытындысын баяндап, қала өміріне қатысты тындырылған жұмыстармен таныстырды. Ол өз сөзінде өткен жыл маңызды оқиғаларға толы жыл болғанын айта келіп, қала әкімдігінің жұмысы Елбасының “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының жаңа бағыты” атты Қазақстан халқына Жолдауынан, мемлекеттік бағдарламалар мен облыс әкімінің тапсырмаларынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруға бағытталғанына, соған орай қол жеткен табыстарға, сондай-ақ көкейкесті мәселелерге де жан-жақты тоқталды.

Қала әкімі өзінің есепті кезеңге арналған баяндамасынан кейін залға жиналған жұртшылықтан жазбаша келіп түскен өтініш-тілектеріне жауап берді. Оның атына келіп түскен сұрақтар саны – 12.

300-ге тарта адам бас қосқан кездесуге қатысушылар қала әкімі Болат Жұмабековке микрофон арқылы ауызша сұрақтарын да қойды. 30-ға тарта сауалдың әр-қайсысына толыққанды, нақтылы жауаптар қайтарылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp