«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Төтенше жағдайлар жөніндегі

департамент хабарлайды

Жуырда сапарға шығып, қарда батып қалған ондаған солтүстікқазақстандықтар құтқарылды. Атап айтқанда, 20 жеңіл автокөлік пен бір жолаушы автобусы қар құрсауынан шыға алмай қалды.

Қаңтардың 23-26-сы күндері боран мен қатты желден қар жылжып, Большой Изюм елді мекенінің жанында “Тайынша-Көкшетау”, Тайынша ауданының Чермошнянка, Шал ақын ауданының “Чапаевское-Тимирязево”, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның “Ялты-Шақпақ” және Қызылжар ауданының “Петропавл-Шаховское” бағытындағы тас жолдарының учаскелерінде автокөліктердің қатынауына кедергі жасады. Көктайғақта көлік руліне ие бола алмаған жүргізушілерге көмекке келген ауданның өрт сөндіру қызметкерлері мен ауыл әкімдіктері қажетті техниканы жұмылдырып, жолаушыларды қар құрсауынан құтқарған.

Қаңтардың 26-сы күні Уәлиханов ауданының Бидайық елді мекенінің жанындағы “Кішкенекөл-Чехово” тас жолында кешкі сағат жеті шамасында 15 жолаушысы бар “Вольво” автобусы қарға батып қалды. Шұғыл қимылдау жасағының көмегімен көлік сапарын әрі қарай жалғастырды.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp