«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘНШІ ҰСТАЗДАР ШЕБЕРЛІК СЫНАСТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар, облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталықтарының ұйымдастыруымен музыка мектептері, өнер мектептері, жалпы білім беретін мектептердің музыка бөлімшелерінің педагогтері арасында кәсіби шеберлік конкурсы өтті.

Айгүл ЖЫЛҚОЖИНА,

білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері.

 

Шара вокалдық өнерді дамыту мен қолдау, вокалдық мәдениет дәстүрлерін сақтау, қосымша білім беру педагогтерінің шығармашылық әрекеттерін дамытуды ынталандыру мақсатын көздеді. Сонымен қатар өңіріміздегі білім беру процесін ұйымдастыруда инновациялық технологияларды қолдауға, талантты педагогтерді анықтауға, олардың тәжірибелерін таратуға бағытталды.

 

Конкурсқа қатысуға Шал ақын, Мамлют, Айыртау, Ғабит Мүсірепов атындағы, Мағжан Жұмабаев аудандары және Петропавл қаласының №8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешені, “Жас дарын” және №1 өнер мектептерінен барлығы 16 үміткер қатысты.

Конкурс үш кезеңнен тұрды. Қазылар алқасының назарына алдымен қатысушылардың өздерін таныстыруы ұсынылды. Келесі кезеңде олардың балалармен тәжірибе жүзіндегі жұмыстарынан үзінділер ашық сабақтар барысында көрсетілді. Соңғы кезеңде қатысушылардың әрқайсысы түрлі бағыттағы 2 шығармадан орындады.

Конкурс қорытындысында Шал ақын ауданының “Өркен” өнер мектебінен келген Лариса Киселева мен Петропавлдың №8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешенінен Ирина Шестаковаға 1-орын берілді.

№1 өнер мектебінен Анастасия Афиногентова 2-орын, Айыртау ауданы Мәдениет орта мектебінен келген Самал Нашарбаева 3-орын алды.

Сонымен қатар “Халық әндерін насихаттағаны үшін” аталымы бойынша Мағжан Жұмабаев ауданындағы Медвежка орта мектебінен Ольга Бабайко, “Кузьменко” ЖК-нің “Жеке өнер мектебі”, Айыртау ауданы Имантау орта мектебінен Резида Сәбитова марапатталды.

“Сахналық образды жарқын сомдағаны үшін” аталымын Мамлют өнер мектебінен Танзиля Галиулина жеңіп алды. “Вокалдық шеберлігі үшін” аталымына Петропавл қаласы балалар мен жасөспірімдердің уақытша оңалту орталығынан Олег Филонов, №1 өнер мектебінен Алена Шин, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның өнер мектебінен Алексей Васковец лайық деп танылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp