«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОЛАШАҚ БАҒЫТЫ АЙҚЫН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ермекбай ҚОЖАХМЕТОВ,

облыстық ЭСЖКД (қаржы полициясы) бастығының бірінші орынбасары.

 

Құқық қорғау жүйесі мемлекеттік механизмнің басты буындарының бірі болып табылады. Осы жүйенің құрамдас мүшесі – қаржы полициясы органдары. Қаржы полициясына “көлеңкелі” экономикаға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, азаматтар мен мемлекеттің құқықтарын қорғау, шағын және орта бизнес субъектілерін олардың қызметіне заңсыз қолсұғушылықтан қорғау арқылы елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүктелген. Елбасының әр жылғы Қазақстан халқына Жолдауы баршамыздың ортақ мақсатқа жетуіміздің бағыт-бағдары іспеттес.

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Жолдауында: “Соңғы үш жылда құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің бірқатар маңызды реформалары жүргізілді. Бұл – мемлекеттікті нығайтудың маңызды қадамы. Олардың жұмысының құқықтық базасы жақсартылды. Функциялары нақты айқындалды. Қызметтің қайталануы жойылды. Қылмысқа қатысты саясат ізгілендірілді”, – деп атап өтті. 2010 жылы 17 тамызда Елбасы “Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы” Жарлыққа қол қойған болатын. Жарлық бойынша қаржы полициясы ор­гандарының айрықша тергеуіне экономи­калық қыз­мет саласындағы қылмыстар мен сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша қылмыстық істер жатқызылды.

Елбасының тапсырмасын және Агенттік басшылығының нұсқауларын орындау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) жедел қызметі сыбайлас жемқорлыққа және “көлеңкелі” экономикаға қарсы тұру арқылы еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, азаматтар мен кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.

2012 жылы департамент қызметкерлері 272 қылмысты анықтап, 84 қылмыстық істі сотқа жолдады. Қабылданған шаралар нәтижесінде мемлекетке, азаматтарға және заңды тұлғаларға келтірілген 319 млн. теңгеден астам залал кері қайтарылды. 49 сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталып, 14 адам сотталды.

Бұдан басқа, құқық қорғау саласын реформалауда құқық қорғау қызметіне тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайын (мәртебесін), материалдық қамтамасыз етілуін және әлеуметтік қорғалуын айқындайтын “Құқық қорғау қызметі туралы” ҚР Заңы қабылданды. Елбасының халыққа Жолдауында құқық қорғау және арнайы органдарды кадрлық жаңарту жөнінде тапсырма берген болатын.

Басқа құқық қорғау органдары сияқты, қаржы полициясында да жеке құрамды кезектен тыс аттестаттау өткізілді. Қаржы полициясы органдарында аттестаттауды өткізудің басты мақсаты ведомствоның кадрлық құрамын өз міндеттерін қоғамның үмітіне сай тиімді орындауға дайын қызметкерлер санатынан қалыптастыру болды. Сондықтан қаржы полициясы қызметкері үшін мінсіз бедел мен жоғары адамгершілік келбеті өте маңызды болып саналады. Кезектен тыс аттестаттау қаржы полициясы органдарының Елбасы қойған міндеттерді орындауға физикалық және психологиялық тұрғыдан дайын кадрлық құрамын анықтауға мүмкіндік берді. Бір жағынан, кәсіби даярлығы төмен қызметкерлерден арылдық, екінші жағынан, жұмыс көлемі мен жауапкершілігі жоғары лауазымдарға тағайындауға лайықты білімді, сауатты және кәсіби даярлығы жоғары қызметкерлерді анықтадық.

Жалпы, департаменттің 140 қызметкері кезектен тыс аттестаттаудан өтті. Оның ішінде Жоғары аттестаттау комиссиясында – 4 қызметкер, Орталық аттестаттау комиссиясында – 15 қызметкер, аумақтық аттестаттау комиссиясынан 121 қызметкер өтті. Біздің ведомствоның кадрлық құрамы айтарлықтай жаңартылды және қазір біз қаржы полициясының қатарында еліміздің экономикалық мүдделерін қорғау жөніндегі өз міндеттерін адал орындауға дайын мамандар қалды деп сеніммен айта аламыз.

Елбасы “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Жолдауында ұлттық экономикамыздың жетекші күші – кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау қажеттілігін атап көрсеткен болатын. Бизнес өкілдерін негізсіз тексерулерден қорғау және олардың қызметіне заңсыз араласуды болдырмау біздің қызметіміздің басты басымдықтары болып табылады. Осы бағытта департамент шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік, құқық қорғау және бақылау органдары тарапынан негізсіз тексерулерден қорғау жөнінде меморандумға қол қойды. Департаментте бірнеше жыл қатарынан сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы тұру жөніндегі Қоғамдық Кеңес жұмысын жалғастыруда. Осы жылдары өткізілген отырыстардың нәтижесінде бірқатар кәсіпкерлердің заңды құқықтары қорғалды.

Біз Елбасының Жолдауын қолдай отыра, алдымызға қойылған міндеттерді жүзеге асыру жолында табанды қызмет етеміз.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp