«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы – Тәртіптік кеңестің төрағасы Тілеген Қаскин “Мемлекеттік және жергілікті басқару” және “Юриспруденция” мамандықтары бойынша білім алып жүрген студенттермен кездесті. Шараға факультет деканы, оқытушылар, студенттер қатысты.

Кездесу барысында агенттік төрағасы Елбасының “Қазақстан – 2050” Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауына тоқталып, оны жүзеге асыру барысында атқарылып жатқан шараларды баяндады.

– Мемлекеттік қызметті жетілдіру үрдісі үздіксіз жүргізіліп келеді әрі Елбасы Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясында мемлекеттік қызметшілердің алдына нақты міндеттер қойды. Аталмыш реформа Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан – 2050” Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Жолдауында аталып өткендей, 2050 жылға дейін елімізді дүниежүзіндегі экономикасы дамыған 30 елдің қатарына қосуға бағытталған, – деген басқарма бастығы Тілеген Қаскин мемлекеттік қызметке орналасу және мемлекеттік қызметшілерге арналған әлеуметтік кепілдіктер жайына қызығушылық танытқан студенттердің сауалдарына жауап берді.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp