«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 06.02.2013

СЫРТТА – ҚЫС, ІШТЕ – ЖАЗ…

Жуырда Шымкент қаласында жеңіл атлетикадан ел біріншілігі өтіп, онда облысымыздың 18 спортшысы бақтарын сынаған болатын. Сайыс нәтижесі бойынша алты күміс және екі қола медальға ие болдық. Жарыста 1500 және 3000 метр қашықтықта Анна Пяткина, 800 метрде Татьяна Юрченко, ұзындыққа секіруде Екатерина Эктова, үш қарғып секіруде Александр Нижеборцев, қыздар арасындағы эстафетада Анастасия Ишмаева, Светлана Загороднева, Виктория …

СЫРТТА – ҚЫС, ІШТЕ – ЖАЗ… Read More »

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Жуырда Астана қаласында велотректе ел чемпионаты өтті. Велошабандоздар командалық, топтық, сондай-ақ жеке жарыстары бойынша сынға түсті.   Жерлес спортшымыз Артем Захаров 4 шақырымдық жекелей сында, 4 шақырымдық топтық сында және 120 айналымдық “Мэдисон” сайысында – І орын, 120 айналымдық топтық сында – ІІ орын, ал 40 айналымнан “скретч” сайысында ІІІ орынды иеленді. Додада осындай тамаша …

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ Read More »

ЖҮЙРІКТЕРДІ АЙДЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

Сайыстың қорытындысы бойынша командалық есепте Шал ақын ауданының құрамасы І орынды жеңіп алды. Ал ерлер арасында – Аққайың ауданы, қыздар арасында Шал ақын ауданы топ жарды.   Жекелей сынның қорытындысы бойынша қыздар арасында 500 және 1000 метр қашықтықты бағындырған шалақындық Даяна Бех пен Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның спортшысы Виктория Прудникова үздік деп танылды. Ал ерлер …

ЖҮЙРІКТЕРДІ АЙДЫН АЙҚЫНДАЙДЫ Read More »

ҚАЛЫҢ ҚАР ҚҰРСАУЫНДА

Ауа райының қолайсыздығына байланысты туындаған төтенше жағдай облыстың автожолдарында жүргізушілерге кедергілер келтіруде: қаңтардың 31-і мен 3 ақпан аралығында 12 қар кептелісі тіркелді. Осы кезеңде 14 жеңіл, 4 жүк автомашинасы мен 1 автобус қар құрсауында қалды.   М.Жұмабаев ауданының “Золотая Нива-Возвышенка” автожолында “Молодогвардейское-Петропавл” бағытымен кетіп бара жатқан “ПАЗ” автобусын қалың қардан шұғыл әрекет ету отряды шығарып …

ҚАЛЫҢ ҚАР ҚҰРСАУЫНДА Read More »

ТАҒЫ ДА ӨРТСІЗ ӨТПЕГЕН АПТА…

Жыл басынан бері облыста 78 өрт болып, одан 27 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 13 адам қайғылы қазаға ұшырады, оның 2-еуі – бала, 4 адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды.   Өткен аптада 20 өрт оқиғасы тіркелді, 1 адам дене жарақатымен ауруханаға жөнелтілді. Тимирязев ауданындағы Ақжан ауылының 49 жастағы тұрғыны газ баллонын даладан …

ТАҒЫ ДА ӨРТСІЗ ӨТПЕГЕН АПТА… Read More »

ВИКТОРИНА ЖҮЛДЕГЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі жұмыс аясында Қазақстанның Ұлттық банкінің ұйымдастыруымен 2012 жыл бойы “Ұлан” және “Дружные ребята” газеттерінде қаржы тақырыбын қамтыған балалар қосымшалары жарық көрген болатын. Ақпанның 4-і күні аталмыш газеттер қосымшаларында қаржы тақырыбына өткізілген викторинаның жеңімпаздары анықталып, марапатталды.   Бақыт СӘБИЕВА, Ұлттық банк филиалының бөлім бастығы.   Солардың бірі – Айыртау ауданындағы Имантау …

ВИКТОРИНА ЖҮЛДЕГЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ Read More »

15 КИЛОГРАММ ЕСІРТКІ ЖОЙЫЛДЫ

4 ақпан күні ҚР ҰҚК СҚО бойынша департаментінің қызметкерлері салмағы 15 кг. 190 грамм гашишті жойды. Аталған есірткі заты 2013 жылдың 16 қаңтарында жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында тәркіленген. Осыған байланысты ҚР ҚК 259-бабының 3 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, 1979 және 1982 жылдары туған Қазақстан Республикасының екі азаматы ұсталған. Олар қамауға алынған. Есірткі заттары “СевКазЭнерго” …

15 КИЛОГРАММ ЕСІРТКІ ЖОЙЫЛДЫ Read More »

ЕСКЕРТУ

Виктор ДЕРЖАНСКИЙ, Суда құтқару қызметінің бастығы. Ауа температурасы жылынған сайын, су айдындарындағы мұз жұқарып, кей жерлерде су мұз бетіне шығады. Мұз үстінде қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында ҚР ТЖМ СҚО ТЖД “Суда құтқару қызметі” ММ облыс тұрғындарынан: – мұз үстімен жүрмеуді; – автотранспортпен мұз үстіне шықпауды; – кәсіби және әуесқой балықшылардың мұз үстіне шықпауын; – …

ЕСКЕРТУ Read More »

АЙЫППҰЛДАН ҚАШСАҢ ДА, ҚҰТЫЛМАЙСЫҢ

Облыстық сот актілерін орындау жөніндегі департаменті және Ішкі істер департаментінің жол полициясы 1 ақпаннан бастап әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу жөнінде бірлескен акция өткізуді қолға алды. Акция барысында айыппұлдарын қасақана төлемеушілердің мекенжайларына апта сайын рейдтік шаралар жүргізілетін болады. Автокөліктер ең көп жиналатын аудандарда, атап айтқанда, қаланың ең ірі сауда нүктелері: “Рахмет”, “Тайга” сауда үйлері, орталық базар, …

АЙЫППҰЛДАН ҚАШСАҢ ДА, ҚҰТЫЛМАЙСЫҢ Read More »

ДАСТАРҚАНДЫ ЖАЙНАТЫП ЖІБЕРЕТІН ЖІГІТ

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мерекелік шеру кезі. Петропавлдың бас көшесінің бойында көрмелер мен жәрмеңкелер өтуде. Оның бір бұрышында үлкен қарбызды қақ ортасынан бөліп, ішіндегі алқызыл ұлпасын раушан гүліндей етіп әдемі өрнектеуі адамның назарын өзіне еріксіз аударады. “Көкөністің көмегімен де шығармашылық ізденіс танытуға болады екен-ау?” деп ойлайсың. Мұндай әсемдікті қалай жасауға …

ДАСТАРҚАНДЫ ЖАЙНАТЫП ЖІБЕРЕТІН ЖІГІТ Read More »

ӘБЗЕЛШІ

Өткен ғасырларда “сыған”, “табор” деген сөздер ажырамас ұғым сияқты көрінетінді. Десек те, бүгінде бұл ұлыстың өмір салты әжептәуір өзгеріске ұшырай бастағандай. Ата-баба салт-дәстүрінің, әдеп-ғұрпының тарихтың терең қойнауына кете бастағанын сезінген аға буынның өкініш білдіргені орынды. Оған біз петропавлдық Александр Бондаревичпен жүздескен кезде көз жеткізе түскен едік. Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. – Бүгінгі қоғамнан қаны таза …

ӘБЗЕЛШІ Read More »

АДАМДАРДЫ АРАШАЛАУҒА АСЫҚҚАН ардагерге құрмет көрсетілді

Руслан ЫБЫРАЕВ, №11-ші өрт сөндіру бөлімінің қарауыл басшысы.   Өрт сөндіру қызметінің ардагері Геннадий Феофанович және Тамара Яковлевна Шулпиндер туған күндерін бір күнде тойлайды. Жуырда 85 жылдық мерей-тойларын атап өткен олар қол ұстасып, 65 жыл бақытты ғұмыр кешуде. Олардың өмірлерінде бәрі жеңіл болды деп айтуға болмайды. Қос қарияның ортақ өмірлері Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңде …

АДАМДАРДЫ АРАШАЛАУҒА АСЫҚҚАН ардагерге құрмет көрсетілді Read More »

БІЛІКТІ КАДР ДАЯРЛАУ– УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Елбасы мемлекеттік қызметтің жаңа бағыттарын белгілеп, кәсіби даярлықтың ерекше жетілдірілген әдістемелерін енгізуді міндеттеді.   Тілеген ҚАСКИН,   ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы – Тәртіптік кеңестің төрағасы.   Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауы жұртшылық тарапынан жаңа сипатты құжат ретінде бағаланып …

БІЛІКТІ КАДР ДАЯРЛАУ– УАҚЫТ ТАЛАБЫ Read More »

БІРШАМА ТҰРАҚТЫ ДЕП БАҒАЛАУҒА БОЛАДЫ Оған ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ықпал етуде

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Бағаны базардағы нарық реттейді, оның бір сәтте көтеріліп немесе түсіп те кетуі мүмкін. Күнбе-күнгі қажетті негізгі азық-түлік тауарлары бағасының тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына тікелей ықпалы болғандықтан, жергілікті басқару органдары оған мониторинг жүргізіп, барынша тұрақтандыруға тырысады. Бұл мәселе жуырда облыс әкімдігінің отырысында қаралып, бағаны тұрақтандыруға бағытталған шаралы істер белгіленді.

ЛЕНИНСКОЕ ӨЗГЕРМЕЙ, АЛ ДАЙЫНДЫҚ ДАҒДАРЫП ТҰР…

Аудан әкімдері ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесіп, әлеуметтік-экономикалық даму бойынша 2012 жылы атқарылған жұмыстар жайлы есеп беріп жатыр. Бұл шара белгіленген кесте бойынша 14 ақпанға дейін жалғасады.   Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. Аққайыңдықтар алған асулар   Бір кезде әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан аты дүрілдеп тұрған “Ленинский” кеңшары тарап, Лесное ауылдық округі құрылғанымен, оның орталығы күні бүгінге дейін …

ЛЕНИНСКОЕ ӨЗГЕРМЕЙ, АЛ ДАЙЫНДЫҚ ДАҒДАРЫП ТҰР… Read More »

ЖАҢА НӨМІРЛЕР БЕРІЛЕ БАСТАДЫ

Біріккен Ұлттар Ұйымының жол қозғалысы туралы Конвенциясының талаптарына сәйкес автокөліктерге тағылатын мемлекеттік нөмірк белгілерінің жаңа үлгілері жасалды. Қошан ҚАЛИ, “Солтүстік Қазақстан”. Ендігі уақытта қазақстандық автомобильшілерге халықаралық қозғалысқа қатысу қиыншылық туғызбайды. Олай болатыны, жаңа мемлекеттік нөмір белгілерінде автокөліктің қай елдікі екендігі көрініп тұр.   Жаңа үлгідегі нөмірлер бұрынғысынша арнайы бағдарлама бойынша автоматты түрде беріледі. Сондай-ақ, нөмір …

ЖАҢА НӨМІРЛЕР БЕРІЛЕ БАСТАДЫ Read More »

ӘСКЕРИЛЕР ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Ақпанның 4-і күні ҚР ІІМ Ішкі әскері Әскери институтында республикалық оқу-әдістемелік жиын басталды. 6 күнге жалғасатын аталмыш шара барысында еліміздің өзге аймақтарының әскери оқу орындарынан келген әскерилер өзара тәжірибе алмасып қайтпақ.  

АРИНА “ӘНШІ БАЛАПАН” АТАНДЫ

Жақында “Родничок” балабақшасында “Әнші балапан” байқауы болып өтті. Байқауға балабақшадағы барлық топтардан 13 бала қатысты. Бірінші болып сахнаға шыққан Алина Протюк байқаудың шымылдығын ашып берді. Осылайша балдырғандар кезектесіп өнерлерін көрсетті. Әнші балалардың сахналық киімдері тамаша, бірінен-бірі асып түседі. Әнді өзінің дауысына сай сәтті орындап шыққан және сахнада өзін еркін ұстай білетін талантты бүлдіршіндер көп болды. …

АРИНА “ӘНШІ БАЛАПАН” АТАНДЫ Read More »

ШӘКІРТТЕРІН АҒЫЛШЫНША САЙРАТҚАН

Бейнегүл Мағауова Шал ақын ауданының Қаратал ауылының тумасы, Петропавл педагогика институтында шет тілі факультетінде оқыған. Содан бергі 33 жылда өзінің жүрек қалауымен таңдаған мамандығы бойынша жас жеткіншектерге ағылшын тілін үйретуден жалыққан емес. Еңбек жолын туып-өскен ауданында мұғалімдіктен бастаған ұстаз директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры лауазымдарында шыңдалған. “Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі” төсбелгісінің …

ШӘКІРТТЕРІН АҒЫЛШЫНША САЙРАТҚАН Read More »

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯМЕН БЕРГЕН САБАҚ әріптестер көңілінен шықты

№8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешенінің ұстаздары “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында өз білімдерін шыңдаған болатын. Жақында “Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі” технологиясының сабақ үдерісіндегі тиімділігін көрсету мақсатында мектебімізде “Деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту” тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен …

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯМЕН БЕРГЕН САБАҚ әріптестер көңілінен шықты Read More »