«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРИНА “ӘНШІ БАЛАПАН” АТАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жақында “Родничок” балабақшасында “Әнші балапан” байқауы болып өтті. Байқауға балабақшадағы барлық топтардан 13 бала қатысты. Бірінші болып сахнаға шыққан Алина Протюк байқаудың шымылдығын ашып берді. Осылайша балдырғандар кезектесіп өнерлерін көрсетті. Әнші балалардың сахналық киімдері тамаша, бірінен-бірі асып түседі. Әнді өзінің дауысына сай сәтті орындап шыққан және сахнада өзін еркін ұстай білетін талантты бүлдіршіндер көп болды. Солардың бірі – Елнұр Темірбай “Мен қазақпын” деп шырқаса, Анастасия Туранская “Апа туралы” әнін қазақша айтып, Арина Жеметова “Ертегілер” әлеміне жетеледі. Әр қатысушы ән айтқан кезде өздерінің топтарындағы жанкүйерлер соған сай биден қойылым қойып отырды.  

Байқау мәресіне жетіп, қатысушыларға естелік сыйлықтар тапсырылды, грамоталармен марапатталды. Байқау нәтижесінде Арина Жеметова бас жүлдені иеленіп, балабақшаның “Әнші балапаны” атанды.

Әйгерім ОМАРОВА.

Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp