«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АДАМДАРДЫ АРАШАЛАУҒА АСЫҚҚАН ардагерге құрмет көрсетілді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Руслан ЫБЫРАЕВ,

№11-ші өрт сөндіру бөлімінің қарауыл басшысы.

 

Өрт сөндіру қызметінің ардагері Геннадий Феофанович және Тамара Яковлевна Шулпиндер туған күндерін бір күнде тойлайды. Жуырда 85 жылдық мерей-тойларын атап өткен олар қол ұстасып, 65 жыл бақытты ғұмыр кешуде.

Олардың өмірлерінде бәрі жеңіл болды деп айтуға болмайды. Қос қарияның ортақ өмірлері Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңде басталды. Ол елді аяғынан тік тұрғызу үшін адамдардың орасан зор еңбегін қажет еткен қиын кездер еді. Бірақ олар қиындыққа қарамастан, басқаға үлгі боларлықтай берік отбасы құра білді.

Маған Геннадий Феофанович сияқты тамаша адаммен әңгімелесу мүмкіндігі туғанына қуаныштымын. Өзінің 85 жасында ол өте ширақ және жайдары. Оның өмірі, атқарған адал еңбек жолы туралы әңгімелерін зор ынтызарлықпен тыңдадым. Соғыстан кейінгі жылдары техника болмағандықтан, 12 жасында жер жырту үшін соқаға қалай өгіз жеккені туралы әңгімеледі. Ол өзінің балалық шағында сондай қиын еңбекке араласты.

Геннадий Феофанович көп қызықты әңгімелер айтты. Ауданның өртке қарсы қызметінде 1980 жылдан 1991 жылға дейін жүргізуші болып қызмет етіпті. ӨСБ-нің жүргізушісі Шулпиннің көмегімен жүздеген өрт сөндіріліп, көптеген адамдардың өмірлері құтқарылды.

Мерейтой иелерін құттықтау үшін Жамбыл ауданы ТЖБ-нің бастығы Бектұрған Омаров пен 11-ӨСБ-нің бастығы Ермек Ақтанов қариялардың үйіне келді. Құттықтау сөздерінде олар Геннадий Феофанович пен Тамара Яковлевнаның өскелең ұрпақты еңбек-қорлыққа және отансүйгіштікке тәрбиелеудегі зор үлестерін атап айтып, оларға мықты денсаулық, ұзақ өмір тіледі. Мерейтой иелеріне естелік сыйлық пен облыстық ӨҚҚО ардагерлер кеңесі бөлген 10 000 теңге ақшалай сыйақыны табыстады.

11-ӨСБ-нің жеке құрамы да осы құттықтауға қосылып, мерейтой иелеріне жақсылық тілеп, осы бір тамаша отбасымен танысу құрметіне ие болғанын мақтан тұтады және әрқашан көмек қолын созуға дайын екенін білдіреді.

Жамбыл ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp