«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЫРҚА, “ЗВОННИЦА”!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жақында “Звонница” казак халық хоры Мағжан Жұмабаев ауданының Лебяжье ауылында концерт берді. Тұрғындардың арнайы шақыруымен келген хор Петропавл қалалық Мәдениет үйінде құрылған. Оның көркемдік жетекшісі – Виктор Подолян. Концертмейстері – Сергей Снурницын.

Анна КУЧЕРЕНКО,  

зейнеткер.

 

Хордың репертуары әрқилы. Олар казак, орыс, украин халықтарының әндерін нақышына келтіріп орындайды. Және де хор жиі орындайтын “Цвети и пой, моя земля” атты әнді Сергей Снурницынның өзі шығарған. Осы жолы бұл ән көрермендер назарына ұсынылды.

Құлақтан кіріп, бойды алар әндер “Звонницаның” орындауында мәнерлі естіледі. Халыққа бұрыннан таныс “Близко к Дону”, “Ах, ты, степь широкая”, “Колечко”, “Судьба”, “Сердце матери” әндерін халық сүйсініп тыңдайды. Хордың солисі Людмила Морозованың орындауындағы украин әндерін көрермендер ыстық ықыласпен қарсы алды. “Ехали казаченьки”, тағы басқа әндерді ол нақышына келтіріп орындайды. Галина Кузьмина, Нина Котова, Антонина Мотур және өзге де хордың мүшелері белсенді. “Звонницаның” алғашқы құрылған жылдарынан бері 20 жыл бойы хорда өнер көрсетіп келе жатқан Анатолий Кондрашкин – “Конь боевой”, “У кумы”, ал Александр Комогорцев – “Не дуй, не бушуй” әндерін көрермендеріне арнады.

Концерттің соңында “Звонница” “Распрягайте хлопцы коней” атты әнді айтты. Әсем әндер көрермендерді баурап алды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp