«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЛЫҢ ҚАР ҚҰРСАУЫНДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ауа райының қолайсыздығына байланысты туындаған төтенше жағдай облыстың автожолдарында жүргізушілерге кедергілер келтіруде: қаңтардың 31-і мен 3 ақпан аралығында 12 қар кептелісі тіркелді. Осы кезеңде 14 жеңіл, 4 жүк автомашинасы мен 1 автобус қар құрсауында қалды.  

М.Жұмабаев ауданының “Золотая Нива-Возвышенка” автожолында “Молодогвардейское-Петропавл” бағытымен кетіп бара жатқан “ПАЗ” автобусын қалың қардан шұғыл әрекет ету отряды шығарып алды. Аққайың ауданындағы “Смирново-Көктерек” автожолында түн ортасында қарға кептелген 5 жеңіл көлік пен “ГАЗ-53” автомашинасы да сапарларын екі сағаттан кейін ғана жалғастырды.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент осындай жағдайларға душар болмас үшін, бірінші кезекте, жол жүрер алдында ауа райы жағдайы мәліметтеріне ерекше назар аударуды, маусымға қарай жылы киінуді еске салады.

Машинада мынадай заттар міндетті түрде болуы тиіс: қыздыру лампасы, тіркеп сүйреуге арналған мықты арқан немесе трос, күрек, зарядталған ұялы телефон.

Төтенше жағдай бола қалған кезде “112” телефоны арқылы хабарлаңыз.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp