«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘСКЕРИЛЕР ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Ақпанның 4-і күні ҚР ІІМ Ішкі әскері Әскери институтында республикалық оқу-әдістемелік жиын басталды. 6 күнге жалғасатын аталмыш шара барысында еліміздің өзге аймақтарының әскери оқу орындарынан келген әскерилер өзара тәжірибе алмасып қайтпақ.  

 

Оқу-әдістемелік жиын басталмас бұрын оған қатысушылар осыдан 18 жыл бұрын тәжік-ауған шекарасындағы Пшихвар шатқалында әскери қызметін орындау барысында қаза болған 17 жауынгерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Содан соң сөз алған Қазақстан Республикасы ІІМ ІӘ Бас қолбасшылығы тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы басқармасының бастығы, полковник Мұхаметқали Сатов үстіміздегі жылдың 30 қаңтарында құқық қорғау органдары құрамының жетекшілерімен өткен жиналыста Елбасы Н.Ә.Назарбаев тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздік жаңа саяси бағытты жүзеге асыратын негізгі шарттардың бірі екендігін атап өтіп, Қазақстанның құқық қорғау жүйесін модернизациялау бойынша бірқатар басым міндеттер қойғандығын жеткізді.

Негізгі бағыттардың бірі – командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасарларының мәртебесі мен жауапкершілігін арттыру мәселесін көтерген республикалық оқу-әдістемелік жиынның жұмысына қатысқан әскерилер мен қонақтар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытты” атты халыққа арнаған Жолдауын түсіндіруге қатысты ойларын ортаға салды. Шара барысында елімізде болып жатқан өзгерістер мен жаңашылдықтарды түсіндіру бойынша тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы, “Қазақстан – 2050” Стратегиясы бағдарламасының күнделікті іс-әрекеттегі басым бағыттары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын жүзеге асырудағы ұлтаралық келісім әңгіме өзегіне айналды.

Республикалық оқу-әдістемелік жиынның барысында қатысушыларға лекция, нұсқаулық-әдістемелік, тәжірибелік және көрсетілімдік сабақтар, сонымен бірге деректі фильм көрсетілмек.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp