4 ақпан күні ҚР ҰҚК СҚО бойынша департаментінің қызметкерлері салмағы 15 кг. 190 грамм гашишті жойды. Аталған есірткі заты 2013 жылдың 16 қаңтарында жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында тәркіленген.
Осыған байланысты ҚР ҚК 259-бабының 3 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, 1979 және 1982 жылдары туған Қазақстан Республикасының екі азаматы ұсталған. Олар қамауға алынған.
Есірткі заттары “СевКазЭнерго” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында жойылды.
ҰҚК СҚО бойынша департаменті.