«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 06.02.2013

ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ қазақ тілі сайысында жүлделерге ие болды

“Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы өзге ұлт оқушылары арасында қазақ тілінен “Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы” алтыншы республикалық қашықтық олимпиадасының қорытынды кезеңін өткізді. Еліміздің әр өңірінен жиналған балалар Көкшетау қаласында түйісті.   Олимпиаданың екінші кезеңі таяуда “Балдәурен” республикалық оқыту-сауықтыру орталығында өтті. Оған Айыртау ауданының оқушылары да қатысты. Сайыс барысында дарынды балалардың қазақ тілін меңгерудегі үш түрлі …

ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ қазақ тілі сайысында жүлделерге ие болды Read More »

БАЛАҢЫЗДЫҢ УАҚЫТЫ БОСҚА ӨТПЕСІН

Мен негізгі мамандығым бойынша №8 мектепте химия-биология пәндерінің мұғалімі болып 5 жыл ұстаздық еттім. Жас натуралистер стансасына ауысқаныма екі жыл болды. Қолдан жасалған заттарды, бұйымдарды өте жақсы көремін, сондықтан өзімнің сүйікті ісіммен айналысу және білгенімді өсіп келе жатқан жастарға үйрету үшін осында ауыстым.   Біз экологиялық таза, табиғи материалдармен, моншақтармен, қағазбен жұмыс істейміз. Үйірме кезінде …

БАЛАҢЫЗДЫҢ УАҚЫТЫ БОСҚА ӨТПЕСІН Read More »

АҚШ-та ҒЫЛЫМИ ЖОБАМЫЗДЫ ҚОРҒАП ШЫҚТЫҚ

Солтүстік Қазақстан облысының орталығындағы “БЭСТ” гимназиясын тамамдаған соң әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға оқуға түсіп, білімімді жетілдірдім. Мұнымен тоқталмай, білім ордасымен бірлескен қосалқы университет “Global Classroom”-ды былтырғы жылы аяқтап, АҚШ-тағы Колумбия университетіне оқу практикасына бару бақытына ие болдым.   Жуырда Біріккен Ұлттар Ұйымының тарихында алғашқы рет Қазақстанды, оның экономикасының дамуы және әлемдік экономикадағы рөлін зерттеген “Global Classroom” …

АҚШ-та ҒЫЛЫМИ ЖОБАМЫЗДЫ ҚОРҒАП ШЫҚТЫҚ Read More »

АЛҒАШҚЫ ҰСТАЗ – АЯУЛЫ БЕЙНЕ

Саналы ғұмырының басым бөлігін өскелең ұрпақтың оқу-тәрбиесіне арнап, күні бүгінге дейін бар білгенін шәкірттерінің бойына дарытуды мақсат еткен, өз мамандығының білгірі, менің алғашқы ұстазым – Әсем Арғынбаеваның орны ерекше. Ұзақ жылдар бойы оқушыларын білім нәрімен сусындатып келген білікті ұстаз әлі күнге дейін Есіл ауданының Тауағаш орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып, табысты еңбек етіп келеді.

САЯТ ӘШІМОВ – ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Жамбыл ауданы әкімінің қызметін бұдан былай Саят Қаятұлы Әшімов атқармақ. Облыс әкімі Самат Ескендіров ұсынған оның кандидатурасын 5-ші шақырылымның 12-сессиясында аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан мақұлдап, дауыс берді. Бұдан соң жаңа басшы жамбылдық активке таныстырылды. Самат ЕСМАҒИ, журналист. Саят Әшімов Жамбыл, Қызылжар аудандары әкімдерінің орынбасары болып қызмет істеген. Жаңа тағайындауға дейін “ҚазМұнайГаз-Өнімдері” АҚ Көкшетау қаласы, Ақмола, …

САЯТ ӘШІМОВ – ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ Read More »

“Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орынбасары БАУЫРЖАН БАЙБЕК ҚЫЗЫЛЖАРДА БОЛДЫ

Кеше “Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек облысымызға келген жұмыс сапарында өңір басшысы Самат Ескендіровпен бірге Петропавлдағы №1 қалалық ауруханада болып, емдеу мекемесінің жұмысымен танысты. Нұрсайын ШӘРІП, Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,   “Солтүстік Қазақстан”. Аталмыш емдеу мекемесінде неврология, терапия және ересектерге арналған жұқпалы аурулар бөлімшелері жұмыс істейді. Аурухананың бас дәрігері Ғалия Мәметованың айтуына қарағанда, жатын …

“Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орынбасары БАУЫРЖАН БАЙБЕК ҚЫЗЫЛЖАРДА БОЛДЫ Read More »

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ

2013 жылғы 4-5 ақпанда облыстық сайлау комиссиясының мәжілісі болып, онда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу мәселесі қаралды.   Облыстық сайлау комиссиясы “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 73-бабына сәйкес келіп түскен құжатты қарай отырып, мыналарды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар етіп тіркеді: Есенгелді Шайкенұлы Кәрібаев, 1954 жылы туған, Солтүстік Қазақстан …

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ Read More »

ШЫРҚА, “ЗВОННИЦА”!

Жақында “Звонница” казак халық хоры Мағжан Жұмабаев ауданының Лебяжье ауылында концерт берді. Тұрғындардың арнайы шақыруымен келген хор Петропавл қалалық Мәдениет үйінде құрылған. Оның көркемдік жетекшісі – Виктор Подолян. Концертмейстері – Сергей Снурницын. Анна КУЧЕРЕНКО,   зейнеткер.   Хордың репертуары әрқилы. Олар казак, орыс, украин халықтарының әндерін нақышына келтіріп орындайды. Және де хор жиі орындайтын “Цвети …

ШЫРҚА, “ЗВОННИЦА”! Read More »

САХНАДА – СТУДЕНТТЕР

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің жанында “Студенттер клубы” шығармашылық орталығы бар. Мұнда түрлі мамандыққа оқып, қоғамдық өмірге белсенді араласып жүрген, сахнаға деген ынтызарлығы зор студент жастар өнер көрсетеді. Ал аталмыш клубқа 1993 жылдан бері жетекшілік етіп келе жатқан Зарема Гумарова талантты ұл-қыздарды өнерге баулып, олардың көпке танылуына септесуде. Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”.  “Көлге …

САХНАДА – СТУДЕНТТЕР Read More »

“ЗАБИЯКИ” ШОУ ТОБЫ – 20 жылдан бері сахнада

Қалалық Мәдениет үйінің жанында жұмыс істейтін балалардың “Забияки” шоу тобы биыл 20 жылдығын атап өткелі отыр. 4-17 жас аралығындағы талантты ұл-қыздардың басын қосқан аталмыш топ облыстағы беткеұстар өнер ұжымдарының бірі. Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”.   “Забияки” балалар тобын құрып, соның бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп, өркендеуіне Әділ Сәлімов себепкер болып келеді. Балалардың бос уақытын пайдалы …

“ЗАБИЯКИ” ШОУ ТОБЫ – 20 жылдан бері сахнада Read More »

МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРДІҢ ҰБТ-ға қатысуға құқылы

Орта мектепті тамамдап, үлкен өмірге жолдама алуға асыққан түлектердің алдында Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру міндеті тұр. Түлектердің, ата-аналардың өрекпіген жүрегін басу үшін үстіміздегі жылы ҰБТ-ның өткізілу формасында өзгерістер бар ма, қандай дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқандығын хабарлауды жөн көрдік. ҰБТ-ға ерікті негізде тілек білдірген барлық мектеп бітірушілер қатыстырылатынын, ал білімдерін республикамыздың жоғары оқу орындарында жалғастырғысы келетіндер …

МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРДІҢ ҰБТ-ға қатысуға құқылы Read More »

ҰЖЫМНЫҢ ҰДАЙЫ НАЗАРЫНДА

  Президентіміз Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты кезекті Жолдауын халыққа арнады. Бұл Жолдау 2050 жылы еліміздің дамыған 30 елдің қатарына енуі үшін атқарылар істерді айқындап берді. Жолдаудағы заманауи білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөлінгені осы салада жүрген әрқайсымызды толғандырады. Әрине, осыған дейін де білім беру мәселесіне көп көңіл …

ҰЖЫМНЫҢ ҰДАЙЫ НАЗАРЫНДА Read More »

ШӘКІРТТЕРДІ ШЕШЕНДІККЕ БАУЛУ – ҚОҒАМДЫҚ ҚАЖЕТТІЛІК

Бүгінгі күні баршамызды ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің қамы толғандырары сөзсіз. Орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой: “Сөз – ұлы нәрсе. Оның ұлылығы мынада: сөзбен адамдарды біріктіруге болады; сөзбен оларды алшақтатуға да болады; сөзбен махаббат отын тұтата аласың; сөзбен жауласуға да, арбасуға да барасың. Адамдарды бір-бірінен алшақтататын сөзден сақтан. Тіл – ұлттың жан дүниесі”, …

ШӘКІРТТЕРДІ ШЕШЕНДІККЕ БАУЛУ – ҚОҒАМДЫҚ ҚАЖЕТТІЛІК Read More »

“ОҚУШЫЛАРЫМНЫҢ ЖЕТІСТІГІ МЕНІ ШЫҢҒА КӨТЕРДІ”

Өңірімізде талап биігінен көрініп жүрген білім ошақтарының бірі – облыстық дарынды балаларға мамандандырылған “ЛОРД” мектеп-лицейі. Білім ошағынан соңғы жылдарда ғана республикалық деңгейде – 17, халықаралық деңгейдегі 7 жүлдегер шыққан. Таяуда жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, 29 оқушысы жүлдегер атанды. Жеңімпаздардың 17-сі республикада облыс намысын қорғайтын болады. …

“ОҚУШЫЛАРЫМНЫҢ ЖЕТІСТІГІ МЕНІ ШЫҢҒА КӨТЕРДІ” Read More »