«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАҢЫЗДЫҢ УАҚЫТЫ БОСҚА ӨТПЕСІН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мен негізгі мамандығым бойынша №8 мектепте химия-биология пәндерінің мұғалімі болып 5 жыл ұстаздық еттім. Жас натуралистер стансасына ауысқаныма екі жыл болды. Қолдан жасалған заттарды, бұйымдарды өте жақсы көремін, сондықтан өзімнің сүйікті ісіммен айналысу және білгенімді өсіп келе жатқан жастарға үйрету үшін осында ауыстым.  

Біз экологиялық таза, табиғи материалдармен, моншақтармен, қағазбен жұмыс істейміз. Үйірме кезінде балаларға олармен жұмыс істеу техникасын меңгертемін. Әсіресе, балаларды өру техникасы қызықтырады. Қағазбен жұмыс істеуге көбінесе түрлі түспен шығатын косметикалық журналдарды, газеттерді пайдаланамыз. Сонымен қатар жай газеттер де кәдеге жарайды. Жұмсақ қағаздан түрлі формалар жасалып алынады да, кейін ол арнайы лакпен қатырылады. Егер жасайтын бұйымымыз тағамдық мақсатта қолданылатын болса (себет, нан салғыш, т.б), оны тағамдық лакпен әрлейміз. Ал басқа мақсатқа арналса, оған құрылыс лактарын пайдаланамыз. Балалар қағазбен жұмыс істегенді жақсы көреді, өйткені материал жұмсақ, икемге тез көнеді. Қағаздан жасалатын бұйымдардың элементтері жеке-жеке дайындалып, бір-біріне желім, сыммен, жіппен, т.б бекітіледі.

Сонымен қатар босаған құтыларды негізге алып, оның сырттарын түрлі тәсілдермен әшекейлеп, жаңа өң береміз. Босаған осындай құтылардан түрлі мақсатта пайдалануға болатын ыдыстар жасаймыз. Жұмысты жеңіл бұйымдар жасаудан бастап, кейін қолдары үйреніп жаттыққан кезде күрделендіре түсеміз. Мұндай жұмыстар балалардың моторикасын жақсы дамытумен қатар, олардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін арттырады.

Юлия СМИРНОВА,

оқытушы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp