2013 жылғы 4-5 ақпанда облыстық сайлау комиссиясының мәжілісі болып, онда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу мәселесі қаралды.
Облыстық сайлау комиссиясы “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 73-бабына сәйкес келіп түскен құжатты қарай отырып, мыналарды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар етіп тіркеді:
Есенгелді Шайкенұлы Кәрібаев, 1954 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының бастығы, Петропавл қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған;
Қабиден Қайырбекұлы Сәдуақасов, 1961 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы, Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Облыстық сайлау комиссиясы.