Жуырда Шымкент қаласында жеңіл атлетикадан ел біріншілігі өтіп, онда облысымыздың 18 спортшысы бақтарын сынаған болатын. Сайыс нәтижесі бойынша алты күміс және екі қола медальға ие болдық.
Жарыста 1500 және 3000 метр қашықтықта Анна Пяткина, 800 метрде Татьяна Юрченко, ұзындыққа секіруде Екатерина Эктова, үш қарғып секіруде Александр Нижеборцев, қыздар арасындағы эстафетада Анастасия Ишмаева, Светлана Загороднева, Виктория Рыжикова және Татьяна Юрченко күміс медаль жеңіп алды. Қола медаль иеленгендердің қатарында ұзындыққа секіруден Степан Притула мен 60 метр қашықтықты бағындырған Александр Викторенко бар.