«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АСАНОВОЛЫҚТАР МҰҚТАЖЫ – АУЫЗСУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

“Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.  

Жеңіс ЕРМҰҚАНОВ,

журналист.

Кездесуде ауылдықтар билік партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен өңір басшысы Самат Ескендіровке қордаланып қалған мәселелерін айтты. Асановолықтарды елді мекенді республикалық трассамен байланыстыратын жолдың бүгінгі күйі мазалайды. 7 шақырымға созылатын тас жол әбден тозған. Алысқа бармай-ақ шипа тауып жүрген азаматтарды өздеріндегі емдеу мекемелерінің алдағы тағдыры да алаңдатпай қоймайды. Мәдениет үйі мен кітапхана сынды рухани ордалар да жоқтың қасы. “Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орынбасары мәселелердің назарда болатынын айтты.

 

Кейін Бауыржан Байбек пен Самат Ескендіров елді мекеннің таза ауызсумен қамтылуын байқап көрді.

Асаново ауылдық округінің әкімі Серікбай Қазеевтің айтуынша, барлық санитарлық талаптарға сай су тасымалданады. “Асановоға аптасына – үш, ал Толмачевка мен Плоское ауылдарына 2 мәрте әкелінеді. Михайловское елді мекенінде тіршілік көзін үлестіргіш 25 текше метрлік мұнара бар. Ауылдықтар әр 40 литріне 20 теңгеден төлейді”, – деді әкім.

Округ орталығында 20 жыл тұрмыс құрып жатқан Дулат Бағрамовтың айтуынша, 1,5 мың тұрғыны бар ауылға аптасына небәрі 15 текше метр су жеткізіледі екен. Ертеректе төселген желілердің қолданыс уақыты өткелі қашан? Тіршілік көзі тарайтын құбырлар істен шыққан. Қиындығы осында. Толықтай жаңасына алмастыру керек. Денсаулық кепілі – таза ауызсумен қамту үшін сметалық жоба жасалып қойылыпты. Тұрғындармен жүздескен Бауыржан Байбек пен Самат Ескендіров жақында бұл маңға да таза су келеді, деді.

“Ақ бұлақ” бағдарламасы аясында ақша бөлінді. Жобалық-сметалық құжаттарды қарап, су мәселесін шешетін боламыз. Өткен жылы ауызсу бойынша кемшіліктер болды. Бар кемшіліктерді жоямыз. Су үйге дейін келуі керек”, – деді “Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орынбасары.

Қызылжар ауданына қарасты Асаново ауылдық округінде 580 үй түтін түтетіп отыр. 2015 жылға дейін жоспарланған “Ақ бұлақ” бағдарламасы аясында су желісі әр орамға тартылады деп межеленген. Жобаны іске асыруға 275 млн. теңге жұмсалмақ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp