«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ГЕНЕРАЛ КИТЕЛІН МҰРАЖАЙҒА СЫЙЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық полиция мұражайы тағы бір жаңа, құнды жәдігермен толықты. Енді мұражай өз қонақтарына генерал кителін көрсете алады. Көп жылдар бойы Ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған Осман-Рүстембек Бижігітов өзінің генерал киімін мұра етіп қалдырды.  

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

СҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы.

 

Осман-Рүстембек Бижігітов көрші Ресей Федерациясының Корған облысында туып-өскен. Еңбек жолын болашақ генерал Ресейдің милиция бөлімдерінде бастаған. 1981 жылы бұрынғы Көкшетау облысына ауысып келіп, 1987 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалады. Ішкі істер органдары ардагерлері мен әлі күнге дейін қызмет етіп келе жатқан қызметкерлері генерал Бижігітовтің тек жақсы тұстарын ғана еске алады. Олар ол кісіні әділ және ұйымшыл басшы ретінде жақсы танитынын әлі күнге дейін айтып жүр.

Осман-Рүстембек Бижігітовтің Қазақстанның көптеген қалаларында, тіпті, шетелдерде басшы болып отырған көптеген шәкірттері құқық қорғау саласында тындырымды еңбек етуде. Зейнет демалысына шыққанға дейін генерал-майор ҚР Ішкі істер министрлігінің мамандандырылған күзет қызмет басқармасы мен өзіндік қауіпсіздік департаментін басқарған. Қазіргі таңда генерал 90-шы жылдары өзі ішкі істер басқармасын басқарған Алматы қаласында тұрып жатыр. Зейнет демалысындағы генерал кителін енді шаң басып тұрмай, ол ішкі істер департаментінің мұражайынан лайықты орнын алды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp