«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ” БАСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сейсенбі күні С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауын талқылауға арналған “дөңгелек үстел” өтті. Оған қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, жастар ұйымдарының көшбасшылары, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары мен шәкірттері қатысты.  

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

 

Шараны жүргізген М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің “Юриспруденция” кафедрасының доценті, заң ғылымының кандидаты Гүлбақша Мұсабаева Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауда белгілеп берген бағыттары мен міндеттерінің маңызына тоқталды.

– Еліміздің экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін алдағы уақытта да тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерімізді сақтай отырып, одан әрі де орнықты дамуды жалғастыруға тиіспіз. Алда 2050 жылы еліміздің әлемдегі қарқынды дамыған отыз мемлекетінің қатарынан көріну міндеті тұр. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қоғамда әлеуметтік және саяси белсенділікті дамыту, қоғамның күш-жігерін еліміздің әлеуметтік-саяси үдерістерін нығайтуға жұмылдыру қажет. Ол үшін бірінші кезекте мемлекетіміздің жасампаздық саясатына қатысы бар жастардың бойында елге, жерге, Отанға деген патриоттық сезімді қалыптастыра отырып, оларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға қатыстыру керек, – деді Гүлбақша Мұсабаева.

Сондай-ақ пікірталас барысында №44 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Наталья Згура, саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері облыстық орталығының директоры Лариса Беляева, тағы басқалары ана мен бала, барлық этностар азаматтарының тең құқықтығы, олардың мәдениеті мен дәстүріне құрмет, тілдердің үштұғырлылығын дамыту, білім беру сапасын арттыру, денсаулық саласының дамуы сияқты мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp