«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“КӨГІЛДІР ОТЫН” КЕЛЕТІН КҮН АЛЫС ЕМЕС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

– Мен елімізді газдандыру мәселесінің барысын білгім келеді. Біздің облысқа қатысты тұсын да білдіре кетіңіз?

Айнұр, Петропавл қаласы.

Ел Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінің кезекті баспасөз конференциясында хабарланғанындай, 2013 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша республиканың жерасты газ қоймаларында табиғи газ қорының көлемі 1,0 млрд. текше м. құрады.

2004 жылдан бастап 2012 жылға дейін 80 жоба іске асырылды, бұл 210 елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Жалпы республика бойынша 880-нен астам елді мекен газдандырылды, бұл жалпы санынан шамамен 20%-ды құрайды. 2012 жылы 024. “Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне газ тасымалдау жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері” бюджеттік бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен 13,5 млрд. теңге бөлінді, 43 жоба бойынша құрылыс жүзеге асырылды, жалпы ұзындығы шамамен 600 км. газ құбыры салынды. Нәтижесінде Қазақстанның 8 облысында 60 елді мекенді газдандыруға мүмкіндік жасалды.

 

2013 жылы 46 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Қазақстан Республикасының энергетикалық және экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, ҚР отын-энергетикалық балансындағы газ үлесін көбейту және тұтынушылардың басым көпшілігін газбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін жағдай жасау, ҚР мұқтаждығына өндірілетін ілеспе газды тиімді пайдалану үшін жағдай жасау мақсатында Мұнай және газ министрлігі Қазақстан Республикасының “Газ және газбен жабдықтау туралы” Заңын дайындады және оған Қазақстан Республикасының Президенті 2012 жылғы 9 қаңтарда қол қойды.

Заң республиканың газ тасымалдау желiлерiнiң кешендi дамытуына және iшкi нарыққа тауарлық газды үзіліссіз жеткізуді қамтамасыз ету, бiрыңғай ұлттық операторды құруға;

ҚР аумағын газдандырудың бас схемасын әзірлеуге;

сұйытылған табиғи газ нарығын дамытуды ынталандыруға мүмкіндік береді. Бұл – қазіргі уақытта алауларда жағылатын ілеспе газдың бірінші кезекте республиканың ішкі нарығын қамтамасыз етуге жіберілетіндігін білдіреді.

Облысымызға қатыстысы мынау: Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Астана қаласы және еліміздің солтүстік аймақтарын газдандыру үшін “Тобыл-Көкшетау-Астана” газ құбырын салу жобасы пысықталып жатыр, бұл республиканың бұған дейін газдандырылмаған аймақтарын табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта осы жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) және жобалау-сметалық құжат (ЖСҚ) әзірленген және “Самұрық-Қазына” АҚ-ның дағдарысқа қарсы қаражаты есебінен қаржыландыру мәселелері пысықталуда.

Жобаның шикізат базасының көзі ретінде Қазақстанның Батыс кен орындарынан алмасу схемасы (СВОП-операциясы) бойынша жеткізілетін, Ресейде шығарылған табиғи газды пайдалану жоспарлануда, одан әрі жоспарланған Қарашығанақ газ өңдеу зауытынан (одан әрі – ҚГӨЗ) газ жеткізу мүмкін, сондай-ақ ол Мемлекет басшысының қаңтардағы Жолдауында айтылған болатын.

Қазіргі уақытта ҚГӨЗ құрылысының жобасы бойынша Эни итальяндық компания ТЭН әзірлеген және “Мемсараптама” РМК-ның оң қорытындысы алынды.

Жобаның ТЭН қорытындысы бойынша, жақын уақытта жобаны одан әрі іске асыру жөнінде шешім қабылданатын болады, атап айтқанда жобалық-сметалық құжатты әзірлеу бойынша, бұл ретте 2013-2014 жылдары ЖСҚ әзірлеу кезеңі, ҚР нормалары мен ережелерін сақтау қажеттілігін ескеріп, уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу қажет.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысын газдандыру мәселесі “Сарыбұлақ-Зимұнай” газ құбырын салу арқылы пысықталуда.

Қазақстан-Қытай комитетінің ынтымақтастық жөніндегі 6-отырысы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы ынтымақтастық және “Сарыбұлақ- Зимұнай” газ құбырын салу туралы келісімге қол қойылған (2012 жылғы 8 желтоқсанда Астана қаласында).

Қазіргі уақытта аталған Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдер жүргізіліп жатыр.

2013 жылға арналған жоспарлар:

– “Бейнеу-Бозой-Шымкент”, “Сарыбұлақ-Зимұнай”, “Тобыл-Көкшетау-Астана” газ құбырларын салу жобаларын іске асыруды жалғастыру;

– 2007 жылғы 18 тамыздағы ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың күшіне енуі үшін мемлекетішілік рәсімдерді аяқтау;

– РФ-мен ҚГӨЗ салу және Қарашығанақтың 3-ші сатысын дамыту мәселелерін ескере отырып, Орынбор ГӨЗ негізінде БК құру мәселесі бойынша келіссөздерді 2013 жылғы бірінші жартыжылдығына дейін аяқтау;

– ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы “Сарыбұлақ-Зимұнай” газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімнің күшіне енуі үшін мемлекетішілік рәсімдерді аяқтау;

– ҚР Мұнай және газ министрлігі әзірлеген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы табиғи газды сұйыту зауытын салу мен пайдалану туралы келісім жобасын Қытай тарапымен келісу және қол қою.

Әзірлеген

Болат ҚОЖАХМЕТОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp