«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨКШЕТАУДЫ ДҮРЛІКТІРГЕН СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫ жазаға тартылады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көкшетау қаласының “Жедел жәрдем” станциясының телефонына хабарласып, “жарылғыш зат орнатылды” деген жалған хабар берген адам анықталды. Ол Солтүстік Қазақстан облысының 7-сыныпта оқитын тұрғыны болып шықты.  

 

Жарылғыш зат орнатылды деген хабар түсісімен, ғимарат толығымен қоршауға алынып, адамдар сыртқа шығарылған. Алайда, арнайы қызметті аяғынан тік тұрғызған хабар жалған болып шықты. Аз уақыт ішінде полиция қызметкерлері “әзілкешті” де анықтады. Ол Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Урожайное ауылының 7-сынып оқушысы болып шықты. Олар мектепте үзіліс кезінде отырып, ұялы телефон арқылы “103” нөміріне Көкшетау қаласының “Жедел жәрдем” станциясына телефон шалып, ғимаратта жарылғыш зат бар деп хабарлаған.  

“Қазіргі таңда материалдар жиналып, Ақмола облысының Ішкі істер департаментіне тергеуге жіберілді”, – деп хабарлады терроризмге қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция майоры Қанат Әмрин.

Полиция қызметкерлері “терроризмге қатысты жалған хабар беру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Жалған хабар берушіге 200-ден 500 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл, түзету жұмыстарына жіберу немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында тек өткен жылы жарылғыш зат орнатылды деген екі жалған хабар тіркелген. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қазіргі заманауи құрылғылардың нәтижесінде жалған хабар берген тұлғаны тез арада табуға болады. Мұндай жайттардың алдын алу үшін ата-аналар балаларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс, дейді мамандар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp