Өткен аптада облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығының қызметкерлері мен аудандағы әдіскерлер аттестаттаудан өтті. Оған барлығы жиырма шақты адам қатысты.
Дана ӘДІЛШИНА,
облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығының оқытушысы.
Бұл сынақтың өту себебі жақын арада басталатын аккредитациялауға әр маманның дайындық деңгейін тексеру болып табылады.
Мамандардың білімдерін бағалау үшін облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Кемел Оспанов төрағалық еткен арнайы аттестаттау комиссиясы құрылды.
Орталық қызметкерлері үш бағытта сынақтан өтті. Бірінші кезеңде қызметкерлер Қазтест В2 деңгейі бойынша тестіленді. Қызметкерлер берілген екі жарым сағат ішінде тыңдалым, лексика-грамматикалық және оқылым бөлігінен тұратын 150 сұраққа жауап беріп, әрбір бөліктен 60 пайыздан жоғары көрсеткіш көрсетуі қажет болды. Екінші кезеңде тіл саясатын жүзеге асыру заңнамасын білу деңгейін комиссия мүшелері сұрақ қою арқылы тексерді. Ал соңғы кезеңде қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша сұрақтарға жауап беріп, арнайы дайындаған сабақ үлгісін қорғады.
Мемлекеттік тілді оқыту орталығының қызметкерлері мен аудандардан келген әдіскерлер күрделі аттестаттаудан сүрінбей өтті. Алайда, оларды алда республикалық сынақ күтіп тұр. Ол көктемге қарай өтіледі деп күтілуде.