«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚЫЗЫП” АЛЫП, ҚОНАҚТАРЫН ПЫШАҚТАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері 27 жастағы қала тұрғынының денсаулығына қасақана зиян келтіріп, соңы оның өліміне әкелген қылмыстың бетін ашты. Қылмысқа қатысты ретінде облыс орталығының 58 жастағы тұрғыны қамауға алынды.

Ерлан МАХМЕТОВ,

СҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы.

Полиция қызметкерлеріне Петропавл қаласының Новая көшесі бойындағы пәтерлердің бірінде ер адамға пышақ салынды деген хабар келіп түседі. Оқиға орнына Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының жедел тергеу тобы шығып, қанды кештің қалай болғанын анықтауға кіріскен. Сұрастыру барысында үй қожайыны сол күні өзінің үш қонағымен бірге ішімдік ішкені, кейін жанжал туып, қожайын қос қонаққа пышақпен соққы жасағаны анықталды. Оқиғаның жалғыз куәгерінің айтуынша, ол лоджияға шығып, қайтып кіргенінде еденде жатқан жолдасы мен қолына пышақ ұстап тұрған үй иесін көрген. Жағдайдың ауыр екенін көрген ол “Жедел жәрдем” шақырған екен. Кейін екінші қонақтың да денесіне пышақ салынғаны анықталды. Ал үшінші қонақтың айтуынша, ол қанды қырғын кезінде қатты ұйықтап жатқан көрінеді.

Жарақат алған Петропавл қаласының 27 жастағы тұрғыны ауруханаға жеткенде жан тәсілім етті. Ал жәбірленушінің екіншісі қазіргі таңда ем алу үстінде. Күдікті Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp