«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үміт пойызы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Төтенше жағдайлар министрлігінің “Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары” АҚ халыққа “Денсаулық”, “Жәрдем” және “Саламатты Қазақстан” консультациялық-диагностикалық пойыздарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі орналастырылғандығы туралы хабарлайды.

“Денсаулық”, “Жәрдем” және “Саламатты Қазақстан” консультациялық-диагностикалық пойыздары республика халқына білікті медициналық көмек көрсетуде.

Консультациялық-диагностикалық медициналық көмекті “Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары” АҚ-ның жоғары білікті бірінші және екінші санатты терапевт, педиатр, хирург, офтальмолог, оториноларинголог, кардиолог, невропатолог, гинеколог, уролог, стоматолог, рентгенолог, онколог, дерматолог, эндоскопист, УДЗ және зертхана дәрігерлері және т.б. көрсетеді.

Консультациялық-диагностикалық пойыздар сандық зертханалық, рентгенодиагностикалық, ультрадыбыстық, эндоскопиялық, электроқұралды медициналық жабдықтармен, республикамыздың барлық аймақтарына таралатын тұрақты телефон байланысына және кең жолақты Интернетке қол жеткізетін спутниктік байланыс арнасы сияқты телекоммуникация құралдарымен жабдықталған. Пойыздың техникалық мүмкіндіктері тұрғындарға емдеу-диагностикалық, шағын амбулаторлық хирургиялық операциялардың және стоматологиялық жәрдемнің барлық түрлерін көрсетуге, ТМД және Қазақстан Республикасының жетекші ғылыми медициналық орталықтары нақты уақытта шалғай стансалар мен бекеттердегі науқастарды емдеу барысында online режімде конференция өткізуге, консилиум жасауға, кеңес беруге мүмкіндік береді.

ҚР ТЖМ “Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары” АҚ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp