«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮРМЕДЕГІ ЖАҒДАЙ ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Есләмбек ТӘШЕНОВ,

ЕС-164/8 мекемесінің бастығы.

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында: “Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады”, деді.

ЕС-164/8 мекемесінде жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жөнінде алдын алу, тәрбиелік мақсаттағы іс-шаралар өткізілді.

Айыртау ауданының “Нұр Отан” ХДП филиалымен 2012 жылға арналған бірлескен жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөніндегі барлық жоспарланған алдын алу және түсіндіру сипатындағы іс-шаралар өткізілді. Жеке құраммен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңын зерделеу бойынша сабақтар өткізілді. Әрбір қызметкерде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша және ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті әзірлеген жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын қолдану жөніндегі жадынамалар бар. Сонымен қатар күнде таңертең және кешке жеке құраммен заңдылықтың бұзуын болдырмау және қызмет өткергенде, тұрмыста сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша нұсқамалық жүргізіледі. Мекеме басшылығы қызметкерлердің көңіл көтеру орындарында формалық киіммен жүрулерін және тұрмыстағы мінез-құлқын тексеру бойынша рейдтер жүргізеді. Бізде сенім телефоны бар және оған түсетін хабарламаларды тіркеу журналы қойылды. Бір атап өтерлігі, оған еш хабарлама түскен жоқ.

Мекеме басшылығы қызметкерлер мен сотталғандардың арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы бейресми қатынастарға жол бермеу жөнінде іс-шаралар қабылдайды. Барлық алдын алу және тәрбиелік іс-шаралар оң нәтиже беруде.

Бюджет қаражатының, сондай-ақ дәрі-дәрмекті тиімді пайдалану және тауарлық-материалдық құндылықтардың ұрлығына жол бермеу – мекеме басшылығының ерекше бақылауында. Азаматтар мен сотталғандардың шағымдары мен арыздарына арналған жәшіктер орнатылған.

Мекемедегі жағдай тұрақты түрде тәулік бойы жария және жария емес аппаратпен бақыланады. Түрмедегі моральдық-психологиялық климат қанағаттандырарлық.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp