СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ С.С. ЕСКЕНДІРОВТІҢ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕБІ
Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Барлық деңгейлердегі әкімдердің жұртшылықпен жыл сайынғы есептік кездесулері өткен уақыт аралығындағы өзіндік белеске ғана емес, істелген жұмыс сапасының көрсеткішіне, оны бағалау және болашақ жоспарларға түзету енгізу мүмкіндігіне айналды. Өткен жыл бүкіл қазақстандықтар үшін мерейтойлық күндер мен айтулы оқиғаларға толы болды.