Ерлан МАХМЕТОВ,
СҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы.
Ішкі істер органы ардагерлері – 20 жылдан астам уақыт бойы “Зеленый веник” атты офицерлердің спорттық клубына мүше. Олар аптасына бір рет кездеседі. Осы жолы да олар жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілерімен жарыс алаңында тоғысты.
Қарсыластарының мықтылығына қарамастан, жасөспірімдер құрамасы ойынның бірінші жартысында есеп ашты. Алайда, көп ұзамай, таразы басы теңелді. Қызу тартыс сайыс барысында ардагерлер жеңіс тұғырынан көріне білді. Бастысы – жеңу емес, қатысу деген сөздердің орынды айтылған жері осы болар, жеңіліс тапқан құраманың еңсесі түспей, керісінше, көңілдері көтеріңкі болды.
Спорттық сыннан кейін зейнеткерлер өздерінің күнделікті жаттығуларын жалғастырды, ал балалар бассейнге шомылуға аттанды. Кейін олар “дөңгелек үстел” басында әңгіме-дүкен құрды. Мұндай спорттық сайыстар алдағы уақытта жалғасын таппақ.