«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДЕКЛАРАЦИЯ ТОЛТЫРУ ТҮСІНДІРІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының мамандары 2012 жылға мемлекеттік қызметшілердің жеке кіріс және мүлік салықтары бойынша декларацияларын (230.00 үлгісіндегі) дұрыс толтыруы жөнінде семинарлар өткізуде.

Семинарлар 2013 жылғы 16,17 және 23 қаңтар күндері өтті, оларға 50-ден аса мемлекеттік мекеме қатысты. Сонымен бірге мекемелерге барып, семинарлар өткізу де қолға алынды, солардың барысында 420-дан астам мемлекеттік қызметшіге түсініктеме берілді.

Салық есебіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен декларация толтыру және оның тәртібі, қосымша салық есебін тапсыру ережелері түсіндірілді.

Салық есебін тапсыру үшін криптографиялық кілттер алу, ауыстыру және пайдалану, сол сияқты “СОНО” ақпараттық жүйесін, “Салық төлеушінің кабинетін” пайдалану ережелеріне көңіл аударылды.

Петропавл қаласы бойынша салық басқармасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp