«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ЖОБА МӘРЕ АЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“DAMU Start-Up” – өз бизнесін бастағалы отырған кәсіпкерлер үшін өте қолайлы кредиттік өнім және тіркелгеніне 1 жыл толмаған, жаңа бастаған кәсіпкерлерді қаржыландыру жөніндегі бірінші бағдарлама болып табылады.

Енді екі күндік “Бизнес-Кеңесші” курсын тегін оқитын тыңдаушылар “БанкЦентрКредит” АҚ-ы арқылы бизнестеріне 20 миллион теңгеге дейін кредит ала алады. Сол сияқты жаңадан іске кіріскен кәсіпкерлерге қарыз сомасынан 70 пайыз көлемінде кепілдік және 7 пайызға дейінгі жылдық өсіммен мемлекеттік демеуқаржы алу мүмкіндігі беріледі.

“DAMU Start-Up” өнімі бойынша кредит алудың басты шарты бизнес-жоба сомасынан 36 пайызға дейінгі көлемде бастапқы капиталдың (депозит) бизнес-жоспары және семинар-оқудан өткені туралы сертификаттың, сол сияқты өткен оқыту бойынша тестілеу нәтижесін растайтын құжаттың болуы талап етіледі.

Жаңадан іске кіріскен кәсіпкерлерге тестілеу қорытындысы 75 пайыз және одан жоғары болғанда ғана кредит беріледі. Тестілеуді өңірлік “Даму” қоры филиалы ұйымдастырады және өткізеді. Тестілеуге “Бизнес-Кеңесші” жобасы бойынша, сол сияқты өздігінен “Кәсіпкерліктің экспресс курсы” курсы бойынша оқудан өткен және филиалдағы тестілеуге жазылған, жаңадан іске кіріскен кәсіпкерлер жіберіледі.

“DAMU Start-Up” өнімі туралы толық ақпаратты www.starte.kz. сайтынан алуға болады. Оған қатысты сұрақ туындаған жағдайда 8(7152) 59-57-86, 36-60-14, 46-57-74 телефондарына хабарласуға болады.

“Даму” қорының облыстық филиалы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp