«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫСЫ ҮЙІҢІЗГЕ КЕЛСЕ, қызметтік куәлігін сұрауды ұмытпаңыз

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

– Жеке сот орындаушылары деген кімдер?

Айдана ҚОЖАНОВА,

студент.

Бұл сұраққа облыстық сот актілерін орындау жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі былай деп жауап қайтарады:

– Біздің облыста олардың саны – төртеу. Жеке сот орындаушылары атқару қызметімен айналысу үшін арнайы лицензияға ие болып, кеңсені жалға алады және олардың өздерінің мөрі болуы тиіс. Әр жеке сот орындаушысы қызметтік жеке куәлікке ие. Атқару ісіне кіріскен кезде олар міндетті түрде осы құжатты көрсетулері керек. Бұған қоса әрбірінде арнайы нөмірлі жетон бар, әр облыста жетонның жеке нөмірі белгілі бір әріптен басталып, кейін сандармен жалғасады. Мәселен, біздің өңірде сот орындаушыларының жетон нөмірі Т әрпінен басталады.

Егер үйіңіздің есігін сот орындаушысы қақса, онда міндетті түрде оның қызметтік жеке куәлігін сұрап алыңыз. Қандай да бір күмән туындаса, нөмірін жазып алып, қосымша ақпарат алу үшін сот актілерін орындау жөніндегі департаментке немесе әділет органдарына хабарласуыңызға болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp