«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАСТЫҚПЕН ҰРЛЫҚ ЖАСАП, масқара болғандарын мойындады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айыртау аудандық ішкі істер бөлімінің тәртіп сақшылары Имантау ауылындағы азық-түлік дүкенін тонаған екі тұрғынды ұстады.

Полицияға Айыртау ауданы Имантау ауылындағы дүкендердің бірі тоналды деген хабар түсісімен, қылмыс орнына жедел түрде тәртіп сақшылары шығып, оқиғаның мәнжайын анықтауға кірісіп кетті. Ұрылар азық-түлік дүкенінің пластикалық терезесін сындырып, кассадағы ақша мен ішімдіктерді және азық-түлік тағамдарын алып кеткен екен. Келтірілген шығын көлемі 20 мың теңгені құрап отыр.

Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер қылмысқа қатысты жұмыссыз 1991 мен 1993 жылы туған екі азаматты анықтады. Ертеректе істі болмаған жігіттер полиция қызметкерлерін көре сала өздерінің жасаған қылмыстарын толық мойындады. Қылмыс жасау барысында олардың бірі терезені аяғымен сындырып, кассадағы 14 мың теңгені, арақ пен азық-түлік тағамдарын алған екен. Осы кезде екіншісі біреу-міреу келіп қалған жағдайда досына хабарлау үшін сыртта тұрған. Тонау кезінде күдіктінің екеуі де мас болған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp