Петропавлдағы 19-шы шағынауданындағы қазақ мектеп-гимназиясында бес жылдан бері “Өнер” музыкалық студиясы жұмыс істейді. Талантты балалар алда келе жатқан Наурыз мерекесіне дайындықтарын бастап кетті.
Татьяна РОМАШКИНА.
Хор және вокал жетекшісі Алина Тамбовцева мектеп оқушыларымен бірге аталмыш мерекеге лайықты музыкалық репертуарды әзірлеу үстінде. Тәжірибелі ұстаз балаларға қазақ және орысша ғана емес, сонымен бірге француз, итальян, латын тілдерінде ән үйретеді. Оның шәкірттері облыстық, қалалық конкурстарға ұдайы қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келеді. Таланттарымыз бұдан әрі де жеңіс тұғырынан көрінеді деген үміттеміз.
Студияда сондай-ақ домбырашыларымыз бар. Оларға З.Оспанова жетекшілік етеді. Балалардың жан-жақты өсуіне, шығармашылықтарының шыңдалуына А.Руденко, У. Двесова мен ерлі-зайыпты Лахтиндер септігін тигізуде. Ұжымды облысқа танымал өнер иесі Дәмеш Құрманкина басқарады. Оның жетекшілігімен “Серілер” ұлдар ансамблі мектептің мәдени өмірін гүлдендіре түсуде.