«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒЫ БІР ҚАНАТҚАҚТЫ ЖОБА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2012 жылғы 29 наурыздан бастап облыстық салық департаментінде қанат-қақты жоба аясында жаңадан іске кіріскен кәсіпкерлер үшін бірыңғай ақыл-кеңес беру күні (БАК) табысты жұмыс істей бастады.

Мұндай жоба салық органына түсетін өтініштерді тәртіпке келтіру, сол сияқты жаңадан іске кіріскен кәсіпкерлерге бастапқы кезеңдегі көптеген кедергілерге ұрындырмайтын нақтылы көмек көрсету қажеттілігінен туындады.

 

Ақыл-кеңес беру, ақпарат қабылдау және өңдеу орталығы (АҚО) ғимаратының жеке кабинетінде апта сайын жүргізіледі, ол кәсіпкерлерге осы жерде орталық қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді. БАК-тың оңтайлы жұмыс істеуі үшін салалас басқармалардың мамандары тартылады, бұл ретте салық төлеушілерін қабылдау жаңадан іске кіріскен кәсіпкерлерде туындайтын барлық мәселелер бойынша қолы босаған мамандардың кез келгенімен кезек тәртібінде жүргізіледі. Кабинетте ақпараттық “ИНИС”, “СОНО” жүйесі бар жеке компьютерлер, көрнекі құралдар орналасқан, сол сияқты ескертпе парақшалар таратылады. Ақпараттық технологиялық басқарма (АТБ) қызметкері салық есебі түрлерін (СЕТ) толтыру және оған жіберу үшін ақпараттық жүйеге біртіндеп енуді түсіндіре отырып, бағдарламалық қамтамасыз ету, салық есебін электрондық түрде енгізу жөнінде ақыл-кеңес береді.

Бірыңғай ақыл-кеңес беру күні болашақ кәсіпкерлер жеке кәсіпкер ретінде тіркелу мәселелері бойынша, электрондық салық төлеушінің артықшылықтары, арнайы салық режімдерін таңдау, бақылау-кассалық машиналарын тіркеу тәртібі туралы, сол сияқты олардың жұмысында туындайтын бірқатар басқа мәселелерге түсініктемелер алады. Сонымен бірге, қолжетімді түрде электрондық әдіспен салық есебі түрлерін толтыру және тапсыру жөнінде ақпарат алуына болады.

Өткізілген БАК салық қызметтерін көрсетуде айтарлықтай оң нәтиже берді. 2012 жылы салық департаментінен барлығы 500-ге жуық адам ақыл-кеңес алды. Бұл күні орта есеппен орталыққа өздері келіп, 14 болашақ кәсіпкер кеңес сұрайды.

БАК-тың енгізілуіне байланысты телефон арқылы ақыл-кеңестер беру санының екі есе азайған үрдісі байқалады. Бұл ретте күн сайын берілетін ауызша ақыл-кеңестердің 70 пайызы өз бизнесін жаңадан бастаған адамдарға тиесілі. Енді осы адамдардың көпшілігі БАК өтетін күндері ғана салық органына келуге тырысады. Жаңадан іске кіріскен жеке кәсіпкерлердің өздерін қызықтыратын барлық мәселелер бойынша кәсіптік ақыл-кеңес алуы АҚО қызмет көрсету уақытын азайтуға, тұрғындардың кезекте тұрар уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді, сол сияқты салалық басқармаларды салықты әкімшілдендіру мәселелеріндегі жүктемеден босатады. Өйткені, көбінесе жаңадан тіркелген салық төлеушілері қарапайым салық заңнамалары нормаларын білмегендіктен, өз міндеттерін орындамайды, ал ол өз кезегінде әкімшілік айыппұл салумен аяқталады.

БАК-тың қабылдау мерзімдері: әр аптаның бейсенбі күні сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін.

Өтетін орны: Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 56 А үй, 205-кабинет.

Облыстық салық департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp