«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕЛЕФОНҒА ҚЫЗЫҒЫП…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық ішкі істер бөлімінің тәртіп сақшылары Буденное ауылында жасалған тонауға қатысты күдіктіні әшкереледі.

Ерлан МАХМЕТОВ,

СҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы.

Қылмыс шамамен түнгі 11-лер шамасында орын алған. Екі ауылдас көшеде кездесіп, әңгіме барысында оның бірі екіншісінің ұялы телефонын көріп, оңай олжаға кенелмек болған. Күдікті жәбірленушіге үш рет соққы жасап, ұялы телефонын тартып алған екен. Кейін белгісіз бағытта ізін жасырған.

Жәбірленуші дер кезінде полиция қызметкерлеріне хабар беріп, байланыс құралын кім алғанын, тіпті, қайда тұратынына дейін айтқан. Ертеңіне тәртіп сақшылары қылмысқа қатысты Буденное ауылының 1992 жылы туған тұрғынын өз үйінде тұтқындады, тексеріс барысында ұялы телефон тәркіленді. Күдікті ата-анасымен тұратыны анықталды. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын көлемі 12 мың теңгені құрап отыр. Ал бұған дейін басы істі болмаған күдікті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 178-бабы “Тонау” бойынша үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp