«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген «Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С.БІЛӘЛОВ.
Осы нормативтік-құқықтық акт 2013 жылғы 29 қаңтарда СҚО әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркеу №2131.
«Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті
жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы түсініктер
1. Осы «Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі – регламент) келесі ұғымдар қолданылады:
ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірліктер: уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың ішкі жүйелері.
2. Жалпы ережелер
2. Осы «Туристік ақпарат, соның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы №107 Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
3. Мемлекеттік қызметті «Солтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – басқарма) көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызмет мына негізде көрсетіледі:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 тамыздағы №1099 қаулысымен бекітілген «Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы қағаз көзіндегі мәліметтер болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
9. Мемлекеттік қызмет 150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 28 мекенжайы бойынша көрсетіледі.
Жұмыс кестесі: демалыс күндері мен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы №267 Заңында белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет және оны көрсету барысы туралы ақпарат басқарманың www.ufks.sko.kz Интернет-ресурсында орналастырылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) мемлекеттік қызмет жүгінген мезеттен бастап көрсетіледі;
2) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бес жұмыс күнінен аспайды;
3) сұрау берген кезде күтудің жол берілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;
4) мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің жол берілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды.
11. Мемлекеттік қызмет басқарма ғимаратында көрсетіледі.
12. Мемлекеттік қызмет алу үшін алушы басқармаға жазбалы сауалмен жүгінеді. Өтініш еркін нысанда қалыптастырылады.
13. Құжаттың тапсырылғанын растау тіркеу (мөртабан және кіріс нөмірі, күні) болып табылады. Өтінушіге көшірме беріледі, онда қабылданғаны туралы белгі қойылады.
14. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілі – жеке бару немесе пошта арқылы.
15. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіз жоқ.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекет
(өзара әрекет) тәртібінің сипаттамасы
16. Мемлекеттік қызмет алуға арналған құжаттарды қабылдау осы регламенттің 9-тармағында көрсетілген басқарманың мекенжайы бойынша кеңсе арқылы жүзеге асырылады.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
1) алушы кеңсе қызметкеріне жазбалы сауал береді немесе басқарманың кеңсесіне пошта арқылы сауал жібереді, басқарма кеңсесінің маманы сауалды тіркеуді жүзеге асырады, алушыға қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің көшірмесін береді;
2) құжаттарымен танысу үшін құжаттар басқарма басшысына беріледі, атқару үшін жауапты орындаушыны белгілейді, қарар қояды және жауапты орындаушыға жібереді;
3) жауапты орындаушы сауал бойынша тиісті ақпаратты ресімдейді және басқарма басшысына қол қоюға жібереді;
4) ресімделген ақпаратқа басқарма басшысы қол қояды және кеңсеге жібереді;
5) басқарма кеңсесінің маманы ресімделген ақпаратты тіркейді және алушыға жеке барғанда немесе пошта арқылы жібереді.
18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне келесі ҚФБ тартылған:
1) басқарма басшысы;
2) басқарма кеңсесінің маманы;
3) жауапты орындаушы.
19. ҚФБ әкімшілік әрекетінің (рәсімдерінің) өзара әрекет бірізділігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
20. ҚФБ әкімшілік әрекетінің қисынды бірізділігінің арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
5. Мемлекеттік қызмет көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
21. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін жауапты тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын басқарманың басшысы, басқарма кеңсесінің маманы мен жауапты орындаушысы болып табылады.
Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігіне, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы қабылдаған шешім мен әрекетке (әрекетсіздікке), Қазақстан Республикасының заңнамасымен қаралған тәртіптегі белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетудің жүзеге асырылуына жауапты болады.