«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭНЕРГИЯ КҮНДІЗ – АРЗАН, ТҮНДЕ – ҚЫМБАТ Енді осыны ескеруіміз керек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“СевКазЭнерго” АҚ энергия үнемдеудің мемлекеттік бағдарламасын енгізу мен жүзеге асыруды белсенді түрде қолдайды. Өңірдегі энергия үнемдеуді насихаттай отырып, компания электр қуатын пайдалану мәдениетін қалыптастыруға өзіндік үлес қосуда, тұрғындар арасында тұрмыста электр қуатын тиімді пайдалану мен энергия үнемдеу қажеттігінің оңтайлы жақтарын көрсете отырып, бірнеше жылдан бері ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Игорь ТАТАРОВ, “СевКазЭнерго”АҚ басқармасының төрағасы.

Осызаманғы нарықтық жағдайда Қазақстанның энергетикалық стратегиясының ұстанымдары айқындалды, соған орай қуат көзін өндіруді ірі ауқымда өрістетуге емес, оны барынша тиімді пайдалануға назар аударылады.

 

Энергия үнемдеу бойынша “СевКазЭнергосбыт” ЖШС жүргізіп жатқан шаралар аясында 2009 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы жеке тұлғалар үшін тұтыну көлемі және тәулік бөліктері бойынша электр қуатына жіктелген тарифтерді енгізу мен қолданудан республика өңірлері арасында алғашқылардың бірі болды.

Сатылу тарифінің өзгеруіне байланысты энергия үнемдеу бағдарламасын орындау мақсатында 2013 жылғы 1 қаңтардан электр қуатын бөлшектеп өткізу бойынша қызметтің сату тарифі келісілді, ол жеке тұлғалар үшін – ҚҚС-мен 10,382 теңге/кВт./сағ., заңды тұлғалар үшін – ҚҚС-мен 11,715 теңге/кВт./сағ. 2013 жылғы 1 қаңтардан уақыт аралығы өзгеруіне қатысты тәулік бөліктері бойынша электр қуатына жіктелген тарифтер қолданысқа енгізілді: тұрғындар үшін – екі аймақтық, заңды тұлғалар үшін – үш аймақтық.

Сонымен, тәулік бөліктері бойынша тарифтер – жеке тұлғалар үшін:

– түнде (23.00-ден 07.00-ге дейін) – ҚҚС-мен 1 кВт./сағатқа 3,314 теңге;

– күндіз (7.00-ден 23.00-ге дейін) – ҚҚС-мен 1 кВт./сағатқа 13,695 теңге.

Заңды тұлғалар үшін:

– түнде (23.00-ден 7.00-ге дейін) – ҚҚС-мен 1 кВт./сағатқа 3,740 теңге;

– күндіз (7.00-ден 19.00-ге дейін) – ҚҚС-мен 1 кВт./сағатқа 11,715 теңге;

– кешке (19.00-ден 23.00-ге дейін) – ҚҚС-мен 1 кВт./сағатқа 30,117 теңге.

Тәуліктің бөліктері бойынша жіктелген тарифтер желілерді пайдалануда ұтымды режімді қамтамасыз ету, энергия көздерінің жүктеме кестелерін теңестіру және энергия пайдаланудың біркелкілігі есебінен энергия үнемдеуді ынталандыру мақсатында қолданылатындығын атап айту керек. Бұл шара үзіліссіз электр қуатымен қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған және есепті кезеңде тәулік бөліктері бойынша көрсеткіші бар электр қуатын есептеу аспаптарымен жарақталған тұтынушыларға қатысты.

Тәулік бөліктері бойынша жіктелген тариф тұтынушыда көптарифті электр қуатын есептеу аспабы болған жағдайда қолданылады. Көптарифті есептеу аспабын орнату электр қуатын түнгі уақытта пайдалануға ынталандырады және осы уақытта пайдаланған электр қуатын жеңілдетілген тариф бойынша төлеуге мүмкіндік береді.

Сол сияқты 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап пәтердегі бір адамға, электр плиталарын пайдаланатын немесе пайдаланбайтын тұтынушыға, сол сияқты жалғызілікті тұтынушылар үшін нормалар жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне байланысты электр қуатына жіктелген тарифтер келісілген. Бұл жағдайда тұрмыстық тұтынушы тұтыну көлеміне байланысты жіктелген тариф, сол сияқты тәулік бөліктеріне арналған жіктелген тариф бойынша тұтынған электр қуаты қызметіне төлеу құқығын иеленеді.

Күні бүгінге дейін облыс бойынша барлығы 4977 көптарифті есептеу аспабы орнатылған.

Бұдан басқа электр қуатымен жабдықтау ұйымы облыс орталығында жалпыүйлік жылу қуатын есептеу аспаптарын орнату бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. 2009 жылдан 2011 жылға дейін қаланың көпқабатты тұрғын үйлеріне 29 жалпыүйлік жылу қуатын есептеу аспабы орнатылды, бұл энергия үнемдеудің маңызды мәселесі болып табылады, өйткені оны шешу жылытуға жылу беруді автоматты реттеу арқылы іске асыру жолымен салыстырмалы аз шығын жағдайында едәуір экономикалық нәтиже бере алады. Жылу есептегіштерін орнату тұрғын үйлердің жылу сақтауын арттырады, өйткені онда энергия үнемдеудің орасан зор резервтері бар.

Тұрмыста энергия үнемдеу тұтынушыға, оның электр қуатын қаншалықты үнемдеп пайдаланатындығына байланысты. Энергия қорларын үнемдеу біздің әрқайсымыздан басталады – күнделікті өмірде энергия үнемдеудің қарапайым ережелерін сақтасақ та жеткілікті. Тек бірлесе қимылдау арқылы ғана энергия үнемдеу идеясын көпшілікке таратуға болатындығын еске сақтағанымыз жөн.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp