«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚАУІПСІЗ БЕЛБЕУ” БАСТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ерлан МАХМЕТОВ,

СҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы.

Солтүстікқазақстандық жол сақшылары ақпанның 7-сінен бастап күшейтілген режімде қызмет атқаруға кірісті. “Қауіпсіз белбеу” атты бұл шара республика аумағын қамтиды.

Өткен бейсенбіде Петропавл қаласында темір жол көпірінен өтіп бара жатқан “Тойота-Прадо” автокөлігі жолдан шығып кетті. 30 жастағы көлік иесі қауіпсіздік белбеуінің таққанының арқасында ғана аман қалды. Себебі, көлік көпірден төмен қарай құлдырай құлап кеткен. Жол сақшыларының болжамы бойынша, апат жүргізушінің рульге ие бола алмағанынан орын алған. Жыл басынан бері облыста 21 жол-көлік апаты тіркеліп, 7 адам көз жұмған, ал 42 адам түрлі дене жарақаттарын алған.

“Жедел-алдын алу шарасының тек бірінші күні ғана жол сақшылары жол ережесін өрескел бұзудың 426 фактісін тіркеді. Оның ішінде белдік тақпағаны үшін – 145, көлік басқарып келе жатып, телефонмен сөйлескені үшін – 22, мас күйде рульге отырған жүргізушілерге – 11 және жаяу жүргіншілерге 118 әкімшілік хаттама толтырылды”, – деп хабарлады жол полициясы басқармасының аға инспекторы Әбілсейіт Жолаушин.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp